Елордада мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мамандары бас қосты
![Педагогтер республикалық форумда бас қосты](/img/articles/27307d719a0a88b8a6ec27a5d87415ff.jpg)
Бүгін Астанада «Заманауи балабақша: теориядан іс-әрекетке» атты республикалық форум өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Шараны Астана қаласының Білім басқармасы мен республикалқ Әдістемелік орталық ұйымдастырды.
Еліміздің барлық аймағынан делегат келген форумға, Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері. Астана қаласы Білім басқармасының басшылары, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры қызметкерлері, инклюзивті білім беру мамандары, елордалық мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары қатысты.
Мұнда республиканың түкпір-түкпірінен келген қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасады. Бүгінгі таңда Астанада 500-ден астам мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Олардың ішінде мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар бар. Биыл 10 мыңнан астам орынды жекеменшік балабақщаларға мемлекеттік тапсырыс ретінде орналастырдық. Балабақшадағы орын тапшылығын жою мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 60 шақты балабақшаның құрылысы жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар әкімдік пен Білім басқармасы және өзге де құзыретті органдармен бірлесіп шешіледі деп сенемін, - деді қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев.
Форум барысында мектепке дейінгі білім берудің заманауи жүйесіндегі даму процесі, проблемалар мен инновациялар талқыланды. Педагогтердің үздіксіз кәсіби даму мәселелері айтылды. Атап айтсақ, Table-Talks пікірталас алаңында шеберлік сыныптары көрсетіліп, практикалық дағдылар ұсынылды. Сонымен қоса, аймақтардан келген қонақтарға елордалық үздік мектепке дейінгі ұйымдардың іс-тәжірибесі таныстырылды.
Республикалық форумда Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының басшысы Гүлшат Онланбекқызы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласын арттыру», ал отбасылық психолог Ержан Мырзабаев «Балабақша – ата-ана серіктестігін орнатудың тиімді жолдары» тақырыбында баяндама жасап, өз ойларын ортаға салды.
Айта кетейік, елімізде 11 мыңнан астам мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бар. Онда 2,5 миллионнан астам бала тәрбиеленіп жатыр.
![](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![](/img/articles/3dcf39ad314696253e80e482867a3ac9.jpg)
![](/img/articles/12faf4c27ac2164616f17e134647bffe.jpg)
![Астана күніне орай елордада қандай ауқымды іс-шаралар өтеді](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![Ербол Мырзабосынов: Мектеп интернаты мен колледж - жоғары спортқа резерв дайындайтын басты баспалдақ](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![Тұран даңғылының бір бөлігі жартылай жабылады](/img/articles/3dcf39ad314696253e80e482867a3ac9.jpg)
![Елордада республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды](/img/articles/12faf4c27ac2164616f17e134647bffe.jpg)
![Астанада дәмхана өртенді](/img/articles/3960209a60ccef9e98ee9a8fbdb4e410.jpg)
![Елордада жаңа кітапхана ашылды](/img/articles/a025dd6342dbbf6e3b3043e0d53dae70.jpeg)
![Астанада дрондар шоуына арнайы автобустар ұйымдастырылады](/img/articles/2c6412729b387d59a5add8c8de960e6d.jpg)
![Елордада ұлттық костюмдер дефилесі өтті](/img/articles/148eeb79ee4ca96186b45886afc4aa1c.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/d1ebfdd234b60c94b00db1e335b3c095.jpeg)
![Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді](/img/articles/8527c108fb201c96bc1c3bf6e19ac1e7.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)