00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Нұра ауданында бес қоғамдық орын абаттандырылды

21.12.2023 | 11:00
88
Фото: дереккөз

Нұра ауданында тұрғындардың қолайлы демалысы үшін жаңа қоғамдық кеңістіктер ашылды. Олардың жабдықталуы туралы Астананың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Жүсіп Жұмағұлов айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл Нұра ауданында 5 қоғамдық кеңістік абаттандырылды.

Олардың үшеуі ауданның үлкен және тұрғындары тығыз орналасқан көшелерінің бірі – Сығанақ бойында абаттандырылды. «Жағалау» ТК жанындағы бос учаскеге 50 ағаш отырғызылды, жергілікті суару жүйесі жабдықталды. Екі мың шаршы метрге жуық тротуар желісі салынды, - деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, биыл Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында 2 үшбұрыш орнатылды.

РДО жағынан 800 шаршы метр тротуар желісі салынды. «Гранд Тұран» ТК жағынан жалпы ауданы 3870 шаршы метр болатын тротуар абаттандырылды.

Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында екі учаскеде 200-ге жуық ағаш, 695 дана көпжылдық өсімдік, 1 939 бұта отырғызылды.

Сондай-ақ, Керей-Жәнібек хандар көшесінде Асқар Забикулин атындағы саябақ абаттандырылды. Жаңа қоғамдық кеңістікте 973 бұта, 572 көпжылдық өсімдіктер отырғызылды, 250 шаршы метр аумаққа төсеніштер төселді.

Сонымен қатар, инвестордың күшімен Тұран даңғылында гүлзар салынды. Қоғамдық кеңістікте 269 ағаш, 480 бұта отырғызылды.

Все новости