00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Көші-қон заңнамасын бұзған 20 шетелдік азамат елордадан шығарылды

06.06.2024 | 13:53
Торғын Аман
116
Көші-қон заңнамасын бұзған 20 шетелдік азамат елордадан шығарылды
Фото: ашық дереккөз

Астанада көше және қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу мақсатында жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Оның барысында елордалық гарнизон қызметкерлері 126  шетелдіктің елде болу ережелерін бұзғанын анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін және шақырылған шетелдіктердің елде болу ережелерін бұзғаны үшін Қазақстанның 23 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны және шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін 6 азамат жауапқа тартылды. Қазақстан Республикасынан тыс жерге 20 шетелдік шығарылды.

«Көші-қон қызметі қызметкерлері іс-шара өткізу кезінде Өзбекстанның 28 жастағы азаматын ұстады. 2019 жылы сот шешімімен ер адам Қазақстан Республикасынан шығарылғаны анықталды, бірақ қазіргі уақытқа дейін ол елден кетпеген және Қазақстанда заңсыз болған.  Полиция қызметкерлері мигрантты әуе рейсімен Өзбекстанға жіберді», - делінген Астана қаласы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Все новости