00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Есіл өзеніндегі су тасқыны қаупі тексерілді

27.10.2023 | 04:30
108
Фото: ТЖМ баспасөз қызметінен

Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен Есіл өзенінің арнасы бойынша су тасқыны қаупі бар учаскелерді тексеру бойынша көшпелі кеңес өткізілді, деп хабарлады Elorda.info.

Кеңеске Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов, Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов, «Қазгидромет» РМК бас директоры Данара Әлімбаева, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Өскен Тойшыбеков, Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі Мұрат Балпан, жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысты.

aa61620a274006e7449d66abb50711ea_1280x720.jpg

Астана су қоймасы мен контрреттегіштің тасқын суларды қабылдауға және өткізуге дайындығы туралы баяндамалар, 2024 жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге болжамды деректер тыңдалды.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ бөгеннің ықтимал жарылуы мен ықтимал залалдың болжамын есептей отырып, су басу аймақтарын цифрлық модельдеуді таныстырды. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның материалдық-техникалық базасы көрсетілді – бұл батиметриялық және аэрофототүсірілім үшін қолданылатын пилотсыз су үстімен жүзетін дрон және пилотсыз ұшу аппараты.

Кеңес барысында Жібек жолы ауылындағы №8 шағын ауданында Астана су қоймасының, Безымянная бөгетінің су тасқыны қаупі бар учаскелерінің және Астана контрреттегішінің аумақтары көзбен шолып тексерілді.

Тексеру су тасқыны жағдайын болжау және көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың туындауына жол бермеу, азайту бойынша қажетті шараларды әзірлеу мақсатында жүргізілді.

Все новости