00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Асылбек Есенбаев: Есіл ауданындағы маңызды мәселелердің бірі – бағдаршам орнату

14.04.2023 | 17:00
85
Фото: ашық дереккөз

Елордалық Есіл ауданы тұрғындары қауіпсіздігінің маңызды мәселелерінің бірі - бағдаршам орнату. Бұл туралы халықпен есеп беру кездесуінде аудан әкімі Асылбек Есенбаев мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Есіл ауданында барлығы 387 аялдама кешені орналасқан, оның ішінде жылы аялдамалар – 51, қала типтес аялдамалар – 228, вандалдарға қарсы – 50. 

Биыл жабық үлгідегі 20 аялдама орналастыру жоспарланған. Бүгінгі таңда ауданда барлығы 50 жаңа аялдама кешенін абаттандыру қажет, - деді А.Есенбаев

Аудан әкімі тұрғындар қауіпсіздігінің маңызды мәселелерінің бірі – бағдаршам орнату екенін атап өтті.

Былтыр тұрғындардың сұранысы бойынша ең көп жүретін учаскелерде қосымша 5 бағдаршам орнатылды. 

11 учаскеге бағдаршам орнату қажет:

Керей, Жәнібек хандар көшесіндегі «Soho» ТК аумағында;

Ғарышкерлер мен Наркескен көшесінің қиылысы (Шұбар шағын ауданы);

Ұлы Дала даңғылындағы «Тұмар» ТК аумағында;

Оңғарсынова көшесі, 10, «Бестерек» ТК аумағында;

«Үркер» тұрғын алабы:

Есатай батыр - Үкілі Ыбырай көшесінің қиылысы;

Е1 – 201 көшелерінің қиылысы;

Мұрат Насыров – Нұрпейіс Байғанин көшелерінің қиылысы;

201 көшесі – Саттар Ерубаев көшесінің қиылысы;

Е 590 көшесінің қиылысы - Жұмабай Шаяхметов көшесінің қиылысы;

«Пригородный» тұрғын алабы:

Жаңадария көшесі мен Арнасай көшесінің қиылысы.

Все новости