00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елорданың оң жағалауы да көркейіп келеді

12.07.2023 | 16:52
137
Фото: Ж.Қасымбектің Instagram парақшасынан

Елорданың оң жағалауын көркейту бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Биыл қаланың оң жағалауының өзінде 130-ға жуық аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырылады. Олар: Сарыарқа, Байқоңыр және Алматы аудандары. Ал 50-ге жуық орында жұмыс аяқталды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Ақбұлақ өзенінің жағалауы (Амман көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) абаттандырылды. Ал көпірлердің астында Ақбұлақ өзенінің бойындағы саябақ кластерін жалғайтын жаяу жүргіншілер өткелдері ашылды. Сәтбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының (Мұңайтпасов көшесінен Петров көшесіне дейін) бірінші бөлігі ашылды.

359788969_1140933690643120_3667316560041967933_n.jpg

Есіл өзенінің жағасында Бейсекова көшесінен Көктал елді мекеніне қарай қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Жоба екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңдіі шілде айында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Амфитеатр, спорт алаңдары, серуендеу орындары, ойын алаңқайлары және т.б. орындар жабдықталады.

Сонымен қатар орталық жағалаудың тарихи көшелерін көркейтеміз. Олар: Желтоқсан, Бейбітшілік, Бұқарбай батыр, Ә.Мәмбетов көшелері. Бұл жұмыс жаңа қоғамдық кеңістіктерді осыған дейін құрылған кеңістіктермен жалғауға мүмкіндік береді: демалыс күндері «Demalys Promenade» жаяу жүргіншілер көшесі, «Театральный» бульвары, қалалық алаң және т.б. Осылайша қоғамдық кеңістіктердің тұтас кластері құрылады, - деп жазды елорда әкімі.

Сол сияқты Ақан сері – Фахд бен Абдул Азиз (Агроқалашық елді мекені), Кенесары – Бейсекбаев, Кенесары – Егемен Қазақстан, Қордай – Н.Ахметбеков көшелерінің қиылысында, Абылай хан даңғылынан Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі жағалауда, К.Әзірбаев көшесі, 10, Храпатый көшесі және т.б. орындардағы қоғамдық кеңістіктер абаттандырылды.

358546212_1140933860643103_8091519293466989128_n.jpg

Бөгенбай батыр даңғылында Ш.Айманов көшесінен Ш.Уәлихановқа дейінгі 10 ауланы қамтитын шаршы алаңды абаттандыру белсенді жүріп жатыр. Сондай-ақ Құдайбердіұлы даңғылы, 5, 31, 36/3; Қошқарбаев даңғылы, 26, 39; Күйші Дина көшесі, 46/1, 46/3; Мүсірепов көшесі, 9 және т.б. бойынша жұмыс жүргізілуде.

Алматы ауданында барлығы 66 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады, Байқоңыр ауданында – 32, Сарыарқа ауданында – 30. Абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді, - деді Ж.Қасымбек.

Все новости