00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордалықтар бір тәулікте қанша көлемде су тұтынады

07.06.2023 | 08:30
62
фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдама-жобасында жазылған, деп хабарлады Elorda.info.

Елорданың қарқынды дамуына, сондай-ақ халық санының үнемі артып отыруына байланысты Астана қаласын сумен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып отыр. 2018 жылы елорда тұрғындарының су шығыны тәулігіне 269 мың текше метр, 2022 жылы тәулігіне 311 мың текше метрді құрады. Қалада тұрғын үйлердің белсенді салынуын ескере отырып, 2026 жылға қарай су тұтыну тәулігіне 340 мың текше метрге жетеді деген болжам бар, - деп жазылған Ашық НҚА порталында жарияланған тұжырымдамада.

Құжатта ауыз судың резервтік көзін құру маңызды екені жазылған. Ол нақты шаралар қабылдауды талап етеді.

Қазіргі уақытта елорданы сумен жабдықтау жалғыз көзден – 1969 жылы салынған және 500 мың адамға есептелген Астана су қоймасынан жүзеге асырылады. Қала халқы 1,3 млн адамға жетті. Астана қаласы үшін ауыз судың резервтік көзін құру жөнінде шаралар қабылдау қажет, - деп жазылған жоспарда.

Тұжырымдама жобасы 20 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.

Все новости