Елордалық тұрғын Республика күніне орай велосапар өткізеді
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/20_311263422_1474117766417360_4660001673736366460_n_6923ac2e3e.jpg)
Астаналық тұрғын Қазақстан мен Түркияның Республика күндеріне арналған 100 шақырымдық велосапар ұйымдастырады, деп хабарлады Elorda.info.
Веломарафон «соло» тәсілінде өтеді, яғни қатысушы 1 адам – Ернат Мелсұлы. Ол Түркия елшілігінен бастап, Астананы бір айналып шығып, Ататүрік ескерткішінің алдында велосапарын аяқтайды.
Ернат Мелсұлы бұл велошеруді Қазақстанның Республика күніне және Түрік Республикасының 100 жылдығына арнайды.
Қазақ пен түрік – тегі, тарихы, тілі, ділі, діні жақын бауырлас халықтар. Біз мұны жақсы білеміз және өте бағалаймыз. Анадолыда тұратын түріктердің атажұрты – Қазақ елінде, алтын бесігі – Алтай. Ататүрік бастаған түрік қайраткерлері Түрік Республикасын құрып жатқанда Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш арыстары Қазақ Республикасының негізін қалады. Бұл 1917 жыл. Бізге қазақ пен түріктің арасындағы жақындықты, бауырластықты, туыстықты тереңдете беру керек. Екі елдің азаматтары осы идеяларға шама-шарқынша үлес қосуы тиіс, - деп есептейді ол.
Велошеру кезінде бауырлас Қазақстан мен Түркияның Мемлекеттік тулары велосипедке ілінеді. Веломарафон қашықтығы, уақыты мен басқа мәліметтер халықаралық деңгейде сертификатталған Strava ұялы қосымшасында тіркеліп, кейін нәтижесі жария етіледі.
Велошеруге Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджу мырза қолдау көрсетіп отыр.
Өтетін күні: 23 қазан, дүйсенбі. Басталу уақыты: 10:00.
Басталатын орны: Түркияның Қазақстандағы Елшілігі ғимаратының жаны, Жұмабек Тәшенов көшесі, 3 үй.
Айта кетейік, Ернат Мелсұлы былтыр Ұлт ұстазы, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арнап, Қазақстаннан Түркияға велосипедпен барған болатын. Ол Түркия аумағында Ризе, Орду, Трабзон, Самсун, Чорум, ел астанасы Анкара, Кония, Ақшеһир, Ескішеһир, Бурса қалалары арқылы 5 555 шақырым жол жүріп, 55 күнде Ыстамбұлға жетіп, 29 қазанда Мұстафа Өзтүрік зиратына тағзым етіп, Абай ескерткішінің алдында Түркияның басты мерекесі – Республика күнінде аяқтаған болатын.
![Елордада үш автобустың қозғалыс сызбасы өзгерді](/img/articles/7a703d4bb8b833f59130c204263c9020.jpeg)
![Алаш тасжолының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады](/img/articles/2c576a44a3502661c0531a4505edc2d9.jpeg)
![Елорда күні: Қалалық алаңда театрлар шеруі өтті](/img/articles/ec6a57e10b77c55fa3ee47323b51010e.jpeg)
![Астанада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй кешені аяқталды](/img/articles/f4c621155fe5cc49fc45455c1c399411.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/3e6f8bb70cc5280afd870901f1b63da5.jpeg)
![Елордада қала күніне орай «Мereke street» жобасы өтіп жатыр](/img/articles/5c52dc9da84fe6abb5edd12dcf734df6.jpeg)
![Астанада ардагерлерге арналған кеңсе ашылды](/img/articles/692e656d4cb785d4b69f666ccc8453df.jpg)
![Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Астана күнімен құттықтады](/img/articles/8c2c70a0ac40cf7820188470161e45f5.jpeg)
![Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады](/img/articles/9bb4915de6001b5c860c2fa9fc2aad82.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)