00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордалық прокурорлар азаматтарды алдын-ала жазылмай-ақ қабылдайды

19.09.2023 | 11:30
105
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы қабылдауды алдын ала жазылусыз, күн сайын жұмыс уақытында жүргізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Осыған орай, прокуратура органдарының құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша Астана қаласы Жеңіс даңғылы, 9 мекенжайына хабарласуларыңызға болады.

Кезекші прокурорлар ішкі істер органдарында, пенитенциарлық және арнаулы мекемелерде (тергеу изоляторлары, уақытша ұстау изоляторлары, арнаулы қабылдау орындары, қабылдау-тарату орындары, гауптвахталар) азаматтарды қабылдауды кемінде аптасына бір рет жүргізеді, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ӘРПК-нің 63 бабына сәйкес аудандық прокуратураға пошта арқылы, Электрондық Үкімет порталы (электрондық цифрлық қолтаңба қойған кезде), «e-otinish» ақпараттық жүйесі немесе қолма-қол арқылы жазбаша жүгіне аласыздар.

Өтініштеріңізді тіркеу және қарау үшін жоғарыда аталған әдістердің бірімен прокуратураға беру қажет.

Все новости