00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті

13.03.2024 | 07:25
174
Фото: дереккөз

13 наурыз күні таңертең қала көшелерінің қарын күреуге 2,5 мыңнан астам жұмысшы мен 1,1 мыңнан астам арнайы техника шықты.

12 наурыздан 13-іне қараған түні коммуналдық қызметтер қар полигондарына 1 300 мыңнан астам рейс арқылы 18 мың текше метрден астам қар шығарды.

Қыс мезгілінің басынан бастап елордадан 459,2 мың рейспен 6,21 млн текше метр қар шығарылды.

Қалада қар күреу тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіледі. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.

Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі. Көлік жүргізушілері жолда мұқият болуы, жылдамдық режимін сақтауы қажет.

Все новости