00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада Жансүгіров шығармаларын оқудан сайыс өтті

21.02.2024 | 10:23
188

Бүгін Астанада жазушы, ақын, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына арналған «Хақ сөйле, қызыл тілім, адал сайрап» атты мәнерлеп оқудан қалалық сайыс өтті, деп хабарлады Elorda.info.

М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында өткен іс-шараны қалалық әкімдіктің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Руханият» орталығы ұйымдастырды. 

Ілияс Жансүгіров айтқандай, жастардың қаруы – оқу, білім. Сондықтан да сіздер білімді болыңыздар. Сондай-ақ оны үздіксіз жетілдіре беріңіздер. Осындай іс-шараларға үнемі белсенді түрде қатысып тұруға шақырамын. Ал бүгінгі сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін, - деді «Руханият» КММ басшысы Әділ Орынбасарұлы. 

Іс-шараның мақсаты – қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қазақ әдебиетінің барлық жанрында қалам тербеген біртуар тұлға, І.Жансүгіровтің шығармашылық мұраларын зерделеу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ақынның поэзия мен драмалық шығармаларын насихаттау арқылы талантты жастарды қолдау және халыққа таныту. Көркем туындылардың шоғырын дүниеге әкелген тау тұлғалы қайраткердің құнды ойлары мен өлмес өлеңдерін мәнерлеп оқу барысында құнарлы тіліміздің өрісін кеңейту, баба мұрасын қадірлейтін рухани дүниесі бай жастарды тәрбиелеу.  

 Сайыста 16 мен 35 жас аралығындағы 25 қатысушы өз өнерлерін ортаға салды. Олар Жансүгіров шығармаларын нақышына келтіріп, мәнерлеп оқудан бақ сынады. Байқау соңында әділқазылар алқасы жеңімпаздарды арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Сәбина КӘКІМЖАН

Все новости