00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада тағы бір қоғамдық кеңістік ашылды

06.08.2023 | 12:20
110
Фото: Астана қаласы әкімдігі

«Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы көлік қызметкерлері күні қарсаңында «Салтанат қақпасы» монументінің жанында жаңа гүлзарлы алаң ашылды, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

еорд.jpeg

Алаңның ашылуы 5 тамыз күні Есіл ауданының құрылған күніне орай өтті. Алаң аумағында ағаштар да отырғызылды.

Алаңның жалпы ауданы 1 га құрайды және онда балалар ойын алаңы, work-out тренажерлары, орындықтар, көгалдандырылған орындар және т.б. бар. Саяжайдың құрылысы ұлттық компания мен Есіл ауданының әкімдігі арасында бұрын қол қойылған меморандум аясында жүзеге асырылды.

елорда.jpeg

«Есіл ауданының 15 жылдығына орай жаңа алаң ашылды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ауданымыздың барлық тұрғынын құттықтаймын! Біз тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасай отырып, ауданның гүлденуі үшін бар күшімізді саламыз», – деп атап өтті Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев.

елор.jpeg

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек биыл қала бойынша 165-тен астам аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылатынын атап өтті. Жұмыстың басым бөлігі аяқталды. Мысалы, Амман және Абылай хан көпірлерінің астында жаяу жүргіншілер өткелдері ашылды. Олар Ақбұлақ өзенінің бойындағы саябақ кластерін өзара жалғай түседі.

елордаа.jpeg

Орталық жағалаудың тарихи көшелері (Желтоқсан, Бейбітшілік, Бұқарбай батыр көшелері) және тағы басқа жаяу жүргіншілер жолы құрылды – Қ.Мұнайтпасов көшесінен Петров көшесіне дейінгі жұмыс аяқталды. Жаяу жүргіншілер жолының жалпы ұзындығы 3,5 км құрайды. Қаланың барлық ауданында қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды абаттандыру жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

Все новости