00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада тұрғын үйлерге улы газды анықтайтын 295 қондырғы орнатылды

28.11.2023 | 09:00
104
Фото: ТЖД

Қыстың басталуына санаулы күндер қалды. Ал нағыз жылыту кезеңінде тұрғын үй секторларында өрт көбейіп, тұрғындардың көміртегі тотығымен улану қаупі күшейетіні анық. Мұндай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін қандай іс-шаралар атқарылып жатыр? Elorda.info тілшісі мән-жайды Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен анықтап білді. 

ТЖД мәліметінше, Астана қаласында жыл басынан бері 548 өрт тіркелген. Оқиға салдарынан 14 адам қаза тауып, 31 адам жарақат алған. 

Өрттердің басым бөлігі, яғни 222 жағдай тұрғын үй секторында орын алған. Оның 154-і жеке секторда, 59-ы көпқабатты үйлерде, ал 9 өрт оқиғасы  жатақханаларда болған.

Жылыту кезеңінде тұрғын үй секторындағы өрттердің көбеюі және көміртегі тотығымен улану қаупі артады. Жыл басынан бері көміртегі тотығымен уланудан жарақат алған адамдардың саны 40-қа жетті, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл жағдай 42,9% - ға өсіп отыр. Айта кетейік, өткен жылы осындай оқыс оқиғалардан 28 адам жарақат алған болатын, - деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі. 

Өрт салдарынан болатын оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖД мамандары сақтандыру іс-шараларын ұйымдастырып жатыр. Мамандар рейд кезінде  тұрғындарға күнделікті өмірдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіруде. 

Бүгінгі күні ТЖД, полиция департаментінің қызметкерлері, еріктілер жеке тұрғын үй секторын аралау бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері 66 225 адамды қамтитын 54 668 жеке тұрғын үйлерді  аралады.  Оның ішіндегі 1 877-і  халықтың әлеуметтік осал тобы тұратын үйлер екені анықталды. Аталған үйлерге ағымдағы жылыту маусымы басталғаннан бері тұншықтырғыш газды анықтау бойынша 295 датчик орнатылды. Бір айта кетерлігі, құтқарушылар осындай рейд кездерінде өз тарапынан өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексереді, тұрғындармен әңгімелесіп, тұрғын үйді өртке қарсы жабдықтаудағы кемшіліктерді анықтайды. Кездескен кемшілктерді жою меншік иелерінің міндеті екенін ұмытпауымыз керек, - дейді төтеншеліктер.  

Мамандар жеке тұрғын үй секторында өрттің туындауының негізгі себептері электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін бұзу; пешті жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі ережелеріне міән бермеу; тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау және  өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамау екенін айтады.

Сондай-ақ олар жылыту кезеңін қауіпсіз өткізуге мүмкіндік беретін төмендегі ұсыныстарды көпшілік назарына ұсынып отыр.

- түтін құбырларын, түтін мұржаларын және жылыту пештері мен жүйелерінің басқа да элементтерін күйеден тазарту, сондай-ақ жылыту маусымы кезінде оны кемінде үш айда бір рет тазалау қажет;

- электр сымдарына тексеру жүргізу, тозған және уақытша схема бойынша тартылған электр сымдарын ауыстыру жөнінде шаралар қабылдау;

- электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз, жылыту үшін қолдан жасалған стандартты емес электр жылыту құралдарын пайдаланбаңыз;

- пештерді теспеңіз, жанғыш материалдарды, жуылған киім-кешекті жанып жатқан пештерде кептірмеңіз;

- пештегі от алдын  50х70 см көлеміндегі металл табақпен жабдықтау.;

- пештің жанатын конструкциялардан өртке қарсы шегінісі кемінде 26 см болуы тиіс.;

- түтін мұржасының ішкі қабырғасынан кемінде 50 см қорғалмаған жанғыш еден конструкцияларына дейін, кемінде 38 см қорғалған жанғыш конструкцияларға дейін өртке қарсы қашықтық болуы керек;

- су басқан пештерді қараусыз қалдырмаңыз;

- пештерді жағу үшін жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға болмайды;

Жылыту пештерін, электр қондырғыларын орнату және пайдалану кезінде абай болыңыз! Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтаңыз! Есіңізде болсын, өртті сөндіруден гөрі алдын-алу оңай. Өрт болған жағдайда дереу 101 нөміріне қоңырау шалыңыз!

Все новости