00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық басталды

02.02.2024 | 03:15
65
Фото: www.gov.kz

Мәселен, Сарыарқа ауданының тұрғындарына су тасқыны туралы ақпарат берілді. Түсіндіру жұмысын аудан әкімдігі мен төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды. Іс-шараға еріктілер де қатысты.

«Тұрғындар арасында үй маңындағы аумақты қардан, мұздан және қоқыстан тазарту, қажет болған жағдайда ағынды суларға жаңа су бұрғыштар жасау қажеттігі туралы жазылған парақшалар таратамыз», – деді Сарыарқа ауданы әкімінің Агроқалашық елді мекені бойынша бас инспекторы Нұржан Сәрсенбаев.

Төтенше жағдайлар департаменті қар еріген кезде су тасқыны бірінші кезекте жеке үйлерге қауіп төндіретінін атап өтті. Сондықтан тұрғындарға құжаттарды алдын ала жинап, жертөлелерден азық-түлік, бағалы заттарды жоғарғы қабаттарға немесе шатырға көшіру ұсынылды.

Айта кетейік, 15 ақпанда Сарыарқа ауданында қыс бойы жауған қарды жаппай күреу және елді мекендердегі арық-науа желісін тазарту басталады.

Все новости