00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада «Qazaqwa Quiz» интеллектуалды сайысы өтті

27.09.2023 | 07:00
120
Фото: дереккөз

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік және құрылымдық мекеме қызметшілерінің арасында «Qazaqwa Quiz» интеллектуалды сайысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Сайысқа елордадағы 17 мекеме қатысты. 

Қатысушы командалар «Төртеу түгел болса» «Сөзжұмбақ» қисын туры, «Қара, тыңда, ойлан» медиа туры, «Байланыс» тақырыптық туры және «Бәсеке» турлары бойынша сынға түсті. 

Нәтижесінде І орынды құрама топ «Алаш үміті», ІІ орынды Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры, ІІІ орынды «Астана қалалық жарық» ЖШС «Елім-ай» командасы жеңіп алды. 

384344422_3550036011934859_1533567101292442162_n.jpg

Байқауға қатысушылар дипломдармен, алғысхаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Все новости