Елордада «Музей түні» акциясы өтті (ФОТО)
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/18_7_a4b8e9cecb.jpg)
Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде «Музей түні» акциясы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шара Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылып отыр. Осы жылы акцияның тақырыбы – «Музейлер, тұрақтылық пен әл-ауқат». Осыған байланысты Ұлттық музей ұжымы елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Музей-уақыт ағымында» атты ауқымды тарихи-танымдық жобасын ұсынды.
Акция барысында Ұлттық музей басылымдары мен «Алматы-кітап» баспасының кітап көрмесі, «Тарихи тұлғалар: қуыршақ бейнесінде» авторлық қуыршақтар көрмесі, «Көненің көзін ашу» атты ҚР Ұлттық музейі Консервация және қалпына келтіру қызметінің көрмесі мен шеберлік сабақтары, қолөнер жәрмеңкесі, ғылыми дәрістер, театрландырылған экскурсиялар мен ойын-квесттер өткізілді.
Сондай-ақ мерекелік кеште Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Үрмелі аспаптар оркестрі мен «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі, би ұжымдары, диджейлер өнерлерін паш етті.
Экскурсовод – музей айнасы. Тіпті мемлекеттің айнасы деуге болады. Өйткені мемлекетке қонаққа келген туристер бірден музейге қарай бет алады. Себебі музей сол барған елдің тарихымен жан-жақты таныстырады, - деді экскурсиялық жұмыстар, музей педагогикасы және экспозициялық залдарды сақтау қызметінің басшысы Жанар Бейісова.
«Музей түні» – еліміздің мәдени өміріндегі елеулі оқиға, көпшілік асыға күтетін дәстүрлі шаралардың бірі. Ауқымды шараның негізгі мақсаты – еліміздің ең басты әлеуметтік-мәдени мекемесі ретінде музейге деген көпшіліктің қызығушылығын ояту, тарихи-мәдени мұраларға арналған бірегей шаралар мен бағдарламалар арқылы музейдің беделін арттыру. Ол жастардың шығармашылығын дамытуға, мәдени орта құруға үлкен септігін тигізеді.
Елордамыздың тұрғындары мен қонақтары үшін аталмыш шара музей әлемімен танысуға, музей коллекциялары мен экспозициясын көруге, мәдени бағдарламаларға қатысуға және көңілді демалып қайтуға зор мүмкіндік береді.
![Астанаға жаңа 100 автобус жеткізілді](/img/articles/f3a7fb42079091acaebd721dd1a75710.jpeg)
![Астанада төрт автобустың қозғалыс бағыты өзгерді](/img/articles/583f81cf25bbb6fcf67db4b8478baf83.jpg)
![Мәңгілік ел даңғылының бір бөлігі жабылады](/img/articles/cc689b2e97ba8aaf1113108b51c09d72.jpg)
![Астана аумағына автокөліктердің кіріп-шығуына шектеу қойылатыны рас па](/img/articles/fd010adbf47b75ce85224a02abc41fe2.jpg)
![Жеңіс Қасымбек БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады](/img/articles/7d9f0bf4e85c81e8966056064b85d8d0.jpg)
![Елордада электросамокатпен жүруге тыйым салынады](/img/articles/f5fdaa1e409c7e95643537d18ffb3c98.jpeg)
![Туризм саласы жаңа кадрлармен толықты](/img/articles/a19512bbae73c22d399e571c91f4032f.jpeg)
![Астанада №10 автобустың қозғалыс бағыты өзгереді](/img/articles/6d0cdc76c69d4d5b8ac724590fc7257d.jpg)
![Мәңгілік ел даңғылының бір бөлігі жабылады](/img/articles/84fc02d80cbb1c9c94d1334aef892636.jpg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)