00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада мемлекеттік қызметкерлер арасында интеллектуалды сайыс өтті

23.06.2023 | 11:30
120
фото: gov.kz

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Qazaqwa Quiz» интеллектуалды сайысы өтті, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сайыстың мақсаты – қазақтың тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ғылымын, өнерін, әдеби мұраларын насихаттау, ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын арттыру, сондай-ақ ана тілімізді, білім культін мамандар арасында кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды арттыру, зияткер ортаға үлес қосу, қызметкерлердің танымын арттыруға, ізденуге, алған ақпаратты қысқа уақыт ішінде сараптан өткізуге, қисынды ойлауға баулу.

Жиынға ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметкерлері, Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты, Дене шынықтыру және спорт, Білім, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, Активтер және мемлекеттік сатып алу, Дін істері жөніндегі басқармалары, «Астана қаласының коммуникациялар қызметі» КММ, «Nomad City Hall» МКҚК командасы, Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ мекемелері қызмекерлерінен құралған 13 команда қатысты.

6e75c67175b5a5b97402ebb9a32d138f_1280x720.jpeg

Интеллектуалды сайыс бес кезең бойынша өтті. Әр кезеңде логикаға, медиа форматтағы: аудио, видео материалдарға және т.б негізделген сұрақтар қойылды.

Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – басты міндет. Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы, - дейді Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.

b0d0eb960c5dba433a2ed7145d53889e_1280x720.jpeg

Төрт сағатқа созылған сайыстың қорытындысы бойынша ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының мамандарынан құралған «Бес бәйтерек» командасы І орынды, Астана қаласы әкімдігінің «Nomad City Hall» МКҚК командасы ІІ орынды, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «МИИР Press» құрама қомандасы ІІІ орынды иеленді.

Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары бағалы сыйлықтармен, диплом және алғыс хаттармен марапатталды

Все новости