00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада мектеп жәрмеңкелері қайда өтеді?

02.08.2023 | 02:30
63
фото: inbusiness.kz

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында 1 тамыз күні  қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевтің қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info.

«Мектепке жол» тақырыбында өткен брифингте басқарма басшысы жаңа оқу жылы қарсаңында өтетін дәстүрлі жәрмеңке туралы айтып өтті.

Астана қаласының аудан әкімдіктері және инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы 12 тамыздан бастап қаланың барлық аудандарында балаларды мектепке дайындау үшін жәрмеңкелер ұйымдастырады. Атап айтқанда, Байқоңыр ауданында «Аймақтау» сауда орталығы,  Нұра ауданында цирк тұрағы, Сарыарқа ауданында Қосшығұлұлы көшесі,14 үй,  Алматы ауданында, Абылай хан көшесі, 20 мекенжайында, Есіл ауданында «Ботаникалық бақ» тұрағында өтетін болады,- деді Қасымхан Сенғазыев.

Все новости