00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада көпбалалы аналарға ордендер табысталды

16.06.2023 | 09:00
130

Елордалық Нұра ауданында алғаш рет көпбалалы аналарға ордендер табысталды, деп хабарлады Elorda.info.

Ел Президентінің Жарлығымен жаңа ауданда алғаш рет көпбалалы 12 әйел мемлекеттік марапатқа ие болды. Олардың бірі 7 баланы тәрбиелегені үшін «Алтын алқа» алды, қалған аналар 6 баланы тәрбиелегені үшін «Күміс алқаға» қол жеткізді.

Нұра ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов аналарды ордендерімен құттықтады.

Бүгін табыстап жатқан медальдар – сіздерге алғысымызды білдірудің бір мүмкіндігі. Біздің ортақ болашағымыз сіздер күнбе-күн беріп жатқан тәрбиеге байланысты. Сіздерге алғысымды білдіремін! - деп атап өтті ол өз сөзінде.

Айта кетейік, Қазақстанда «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары 1996 жылдан бастап беріледі.

Все новости