00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада Jastar Fest фестивалі өтеді

09.08.2023 | 07:00
80
Фото: gov.kz

Астанада 12 тамызда халықаралық Жастар күніне орай Jastar Fest фестивалі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Jastar Fest 11 тамыз күні кешкі сағат 19:00-де Есіл жағалауындағы амфитеатрда басталады. Іс-шараны елорда әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО ұйымдастырады.

Жоба жастардың өнер мен мәдениетке деген қызығушылығын ынталандыруға, ұлттық және азаматтық сана-сезімді, патриотизмді арттыруға, өскелең ұрпақтың белсенді өмірлік және азаматтық ұстанымын дамытуға, жастардың қоғамдық маңызы бар бастамаларын қолдауға және іске асыруға бағытталған.

Фестиваль аясында танымал тұлғалар өз тәжірибелерімен бөліседі, сондай-ақ эстрада мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт, сыйлықтары бар шағын конкурстар өтеді.

Іс-шара соңында байқаудың Instagram жеңімпаздарын жариялайды.

Все новости