Елордада Италия елшілігінің жаңа кеңсесі ашылды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/psx_20230905_201246_99accb666a.jpg)
Премьер-Министр Әлихан Смайылов елімізге ресми сапармен келген Италия Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары – сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таянимен кездесті, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар машина жасау, энергетика, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін дамыту, сондай-ақ агроөнеркәсіптік сектор, білім беру және басқа да салалар бойынша ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Премьер-Министр Италия Қазақстанның әлем бойынша ірі үш сауда серіктесінің бірі екенін және Еуропалық одақ елдері арасында бірінші орында тұрғанын атап өтті. Атап айтқанда, былтыр екіжақты тауар айналымы 55%-ға жуық артып, шамамен $15 млрд-қа жетті.
Дегенмен тауар айналымын одан әрі арттыруға әлеуетіміз жеткілікті. Біз Италияға жалпы құны $900 млн-нан асатын қазақстандық 110 тауар өнімінің экспортын арттыруға дайынбыз, — деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы атап өткендей, Италия Еуропалық одақ елдері қатарынан Қазақстан экономикасының тұрақты ірі инвесторлар бестігіне кіреді. Соңғы 17 жылда жалпы тартылған инвестициялар көлемі $7,3 млрд-қа жетті. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша шамамен 2,5 есе өсіп, $300 млн-ға жуықтады.
Елдеріміз арасындағы инвестициялық өзара іс-қимыл жаңа бірлескен жобалармен нығая түсуде. Біз бұл ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделіміз, — деді Премьер-Министр.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов Италия елшілігінің Астанадағы жаңа кеңсесінің ашылуына қолдау білдірді. Бұл іскерлік байланыстарды орнатуға ауқымды үлес қосып, өзара сауданың дамуына тиімді әсер ететінін атап өтті.
Өз кезегінде Антонио Таяни Италия Қазақстанмен жан-жақты, әсіресе сауда, энергетика және өнеркәсіп бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.
Біз Италияда бірлескен кәсіпорындарды, жаңа қазақстандық компанияларды ашуға дайынбыз. Сондай-ақ кәсіпорындарымыз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін Іскерлік кеңес құруға ниеттіміз, — деді ол.
Сондай-ақ Антонио Таяни Италия Қазақстандағы сауда-саттыққа, оның ішінде киім өндірісіне қатысуын арттыруға мүдделі екенін жеткізді.
![](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![](/img/articles/3dcf39ad314696253e80e482867a3ac9.jpg)
![](/img/articles/12faf4c27ac2164616f17e134647bffe.jpg)
![Астана күніне орай елордада қандай ауқымды іс-шаралар өтеді](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![Ербол Мырзабосынов: Мектеп интернаты мен колледж - жоғары спортқа резерв дайындайтын басты баспалдақ](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![Тұран даңғылының бір бөлігі жартылай жабылады](/img/articles/3dcf39ad314696253e80e482867a3ac9.jpg)
![Елордада республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды](/img/articles/12faf4c27ac2164616f17e134647bffe.jpg)
![Астанада дәмхана өртенді](/img/articles/3960209a60ccef9e98ee9a8fbdb4e410.jpg)
![Елордада жаңа кітапхана ашылды](/img/articles/a025dd6342dbbf6e3b3043e0d53dae70.jpeg)
![Астанада дрондар шоуына арнайы автобустар ұйымдастырылады](/img/articles/2c6412729b387d59a5add8c8de960e6d.jpg)
![Елордада ұлттық костюмдер дефилесі өтті](/img/articles/148eeb79ee4ca96186b45886afc4aa1c.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/d1ebfdd234b60c94b00db1e335b3c095.jpeg)
![Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді](/img/articles/8527c108fb201c96bc1c3bf6e19ac1e7.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)