00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада IT-Aiel бағдарламасына өтінім қабылданып жатыр

21.06.2023 | 10:00
121
фото: Оңалхан Өнерхан

Astana Hub Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп, IT саласында жұмыс істегісі келетін әйелдер арасында іріктеу өткізуде, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

18 жастан асқан жұмысқа орналаспаған әйелдер IT-Aiel бағдарламасына қатысуға өтініш бере алады және No Code School, Freelance School, сондай-ақ негізгі компьютерлік сауаттылық курстарын оқи алады. Қатысушылар жаңа істі игеруге 1 тамызда онлайн форматта қазақ және орыс тілдерінде кірісе алады. Бағдарламада қызықты вебинарлар, воркшоптар, тікелей эфирлер, Q&A-сессиялары және т.б. бар.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша елімізде 967 мың жұмысқа қабілетті жастан үлкен әйел бар, олардың 34%-ы жұмыс істемейді. Жоғары және орта кәсіптік білімі 7,4 млн адамда бар немесе 83,5% жұмыспен қамтылған. Әйелдер неғұрлым білікті жұмыс күші болып саналады, себебі білім деңгейі жоғары әйелдер үлесі 41,4% құрайды. Жақында Coursera IFC және Еуропалық комиссиямен серіктестікте жүргізген зерттеу көрсеткендей, әйелдердің 45%-ы және бала күтімінде отырған әйелдердің 60%-ы онлайн оқыту мүмкін болмаса, оқуды кейінге қалдыру немесе тоқтату керек деп шешеді. Сондықтан IT-Aiel бағдарламасы жұмыссыз әйелдер үшін үлкен маңыздылық пен мүмкіндікке ие.

Жобаға қатысу үшін әйелдер қауымына сайттан өтіп өтініш беруі керек: https://education.astanahub.com/itaiel, одан кейін дайындық курсы, цифрлық сауаттылық деңгейін анықтау тестінен өтіп, оқу кестесі жарияланатын жалпы чатқа қосылады. Оқыту қорытындысы бойынша жобаның түлектері оқуды аяқтағанын растайтын электрондық сертификат алады. Бағдарламаның үздік 100 қатысушысы курстың соңында салтанатты түрде марапаттауға шақыру алады.

Өтінімдерді қабылдау 15 шілдеге дейін жалғасады , ал қосымша ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://education.astanahub.com/itaiel. Қосымша сұрақтар бойынша төмендегі электронды поштаға жазуға болады edu@astanahub.com, сондай-ақ бірыңғай нөмір: 2222.

1096b165a58057864554eef360c843a7_1280x720.jpeg

Astana Hub – қазақстандық және шетелдік технологиялық компаниялардың еркін дамуы үшін бүкіл жағдай жасалған Орталық Азиядағы ең ірі технопарктің бірі. Қазіргі уақытта технопаркте мыңнан астам қатысушы бар. Олар 14 мыңнан астам жұмыс орнын ашты.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия әйелдер мен отбасылардың өмір сүру жағдайларын жақсарту стратегияларын жоспарлап іске асырады. Әйелдер құқығын қорғау, отбасыларды қолдау және демографияны нығайту бағдарламаларын әзірлейді және жүргізеді.

 

Все новости