00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада БҚО және Қызылорда облыстарының шаруалары өз өнімдерін ұсынады

11.09.2023 | 09:30
66
фото: gov.kz

Астанада облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы жалғасуда, деп хабарлады  Elorda.info.
Осы аптада, яғни 16-17 қыркүйек күндері  БҚО және Қызылорда облыстарының шаруалары өз өнімдерін ұсынады. Барлық өнімдер нарық бағасынан төмен бағада сатылады.
Биыл ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің өтетін орны өзгерді. Өткен жылы «Астана Арена» (Тұран даңғылы, 48) алдындағы автотұрақта өткізілсе, биыл жәрмеңке өтетін орын Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайы бойынша ҚазҰӨУ (Шабыт) алдындағы алаңға көшті.

Еске салайық, демалыс күндері Астанада қалалық жәрмеңкелер де өтеді. Олар әдеттегідей сенбі-жексенбі күндері ұйымдастырылады. Бұл жәрмеңкелерге азық-түлік өнімдерін көтерме жеткізушілер, жақын маңдағы шаруа қожалықтары қатысады. Жәрмеңкелер әр ауданда, арнайы белгіленген жерде өткізіледі. 

Все новости