00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада қар тазалауға 2 500-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды

18.01.2024 | 06:00
108
Фото: дереккөз

Қаланы қар мен мұздан тазарту бойынша күндізгі ауысымға 2 512 жол жұмысшысы және 1 500-ден астам арнайы техника шықты.

18 қаңтарға қараған түні коммуналдық қызмет мамандары елордадан 50 мың текше метрден аса қар шығарды, бұл 3 626 ауыр жүк көлеміне тең.

Қыс мезгілі басталғалы бері қар полигондарына 168 825 рейс, 2,3 млн текше метрден аса қар шығарылды.

Айта кетсек, Астанада бірнеше қар полигоны жұмыс істейді. Олардың барлығы самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен, бейнебақылаумен және жарықтандырумен жабдықталған.

Все новости