Елорда тұрғындарының өмір сүру сапасы арта түседі – Жеңіс Қасымбек
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/ast_7f835ca157.jpg)
Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорданы дамытудың негізгі бағыттары туралы баяндады. Осы орайда қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында бүгінде қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын қысқаша баяндап берді, деп хабарлады Elorda.info.
Қаламызға жаңа тапсырмалар мен жүктемелер артылды. Оларды орындау арқылы елорда тұрғындарының өмір сүру сапасы арта түседі. Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте негізгі бағыттар туралы баяндадым. Солардың кейбіріне қысқаша тоқталып өтейін.
Бірінші. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары
Биыл бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобаның құрылысын аяқтап, іске қосуды жоспарлап отырмыз: ауыз су станcасы (ССС-3), ЖЭО-3, екі газ жылу стансасы. Олар қаланы қосымша көлемде сумен және жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Жеңіс Қасымбек.
Елорда әкімінің айтуынша, сондай-ақ сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін Нұра жерасты су құбырының құрылысы мен Телман сорғы стансасын кеңейту бойынша жобаларды жүзеге асыру басталады, сол сияқты Сәтбаев атындағы каналдан су алуды көздейтін төртінші сорғы-сүзгі стансасын жобалау жоспарланып отыр.
Екінші. Әлеуметтік нысандар құрылысы
Екі жылда 40 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде қазіргі күні жергілікті бюджет есебінен – 16,5 мың орынға арналған 11 мектеп, жеке инвестиция есебінен – 4 мектеп. Сондай-ақ биыл «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 90 мың орынға арналған (екі ауысымды) 24 мектептің құрылысын бастайтын боламыз. Бұл оқушы орындары тапшылығы мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді.
Екі жыл ішінде мемлекеттік-жеке әріптестік қағидатына сәйкес жеке инвестициялар есебінен 30 балабақша салынады. Сондай-ақ жыл сайын жеке балабақшаларға орналастыру үшін мемлекеттік тапсырыс бөлеміз, - деді шаһар басшысы.
Әкімнің атап өтуінше, сапалы медициналық көмек көрсету күшін Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе 12 жоба жүзеге асырылып жатыр: 2 перинаталды орталық пен тұрғындарға қолжетімді 8 амбулаторлық кешен, медициналық және оңалту орталықтары.
Үшінші. Апатты үйлерді бұзу, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау
Осы жылдың наурызында қалалық жаңғырту бағдарламасы 2030 жылға дейін өзектендірілді, нәтижесінде 206 апатты үйді көшіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар биыл 6 мыңға жуық әлеуметтік пәтер салуды, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды (30-дан астам тұрғын үй кешені) аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
![Елордада үш автобустың қозғалыс сызбасы өзгерді](/img/articles/7a703d4bb8b833f59130c204263c9020.jpeg)
![Алаш тасжолының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады](/img/articles/2c576a44a3502661c0531a4505edc2d9.jpeg)
![Елорда күні: Қалалық алаңда театрлар шеруі өтті](/img/articles/ec6a57e10b77c55fa3ee47323b51010e.jpeg)
![Астанада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй кешені аяқталды](/img/articles/f4c621155fe5cc49fc45455c1c399411.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/3e6f8bb70cc5280afd870901f1b63da5.jpeg)
![Елордада қала күніне орай «Мereke street» жобасы өтіп жатыр](/img/articles/5c52dc9da84fe6abb5edd12dcf734df6.jpeg)
![Астанада ардагерлерге арналған кеңсе ашылды](/img/articles/692e656d4cb785d4b69f666ccc8453df.jpg)
![Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Астана күнімен құттықтады](/img/articles/8c2c70a0ac40cf7820188470161e45f5.jpeg)
![Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады](/img/articles/9bb4915de6001b5c860c2fa9fc2aad82.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)