00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордаға Атырау және Жамбыл облыстарының тауар өндірушілері келеді

08.09.2023 | 12:30
81
фото: gov.kz

Алдағы демалыс күндері Атырау мен Жамбыл облыстарының шаруалары астаналықтарға өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2 қыркүйек күні елордада өңірлерден келген тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталған болатын. Бұндай жәрмеңке 29 қазанға дейін әр сенбі және жексенбі күндері өтеді. Астанада алғашқы болып Түркістан облысының шаруалары өз өнімдерін ұсынды.Барлық өнімдер нарық бағасынан төмен бағада сатылады.

Айта кетейік, биыл ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің өтетін орны өзгерді. Өткен жылы «Астана Арена» (Тұран даңғылы, 48) алдындағы автотұрақта өткізілсе, биыл жәрмеңке өтетін орын Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайы бойынша ҚазҰӨУ (Шабыт) алдындағы алаңға көшті.

Все новости