Еңбек жәрмеңкесі: Елордада 750-ге жуық жұмыс орны ұсынылды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/bos_oryn_9c028a14d4.jpg)
Астанада «Жастар» сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Осымен 6-шы рет өткен ауқымды жәрмеңкеге жұмыс табуға үмітті жандар алдын ала жиналды. шараға барлығы 45 жұмыс беруші мекеме қатысып, 750-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынды.
Еңбек мобильділігі орталығының директоры Олжас Омардың сөзінше, жыл соңына дейін тағы 3 жәрмеңке өтпек.
Бүгін бізде 45 жұмыс беруші бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысып отыр. Жұмыс іздеп жүргендер үшін әртүрлі салада жұмыстар бар. Атап айтқанда, білім беру, қызмет көрсету, әуежай, қаржы салалары бар. Сондай-ақ әртүрлі құрылыс пен өнеркәсіп орындары бар, - дейді орталық директоры.
«Жастар» сарайында өткен жәрмеңкеде жұмыс берушілер әрбір үміткермен жеке сөйлесіп, түйіндемелерін қабылдады. Өздеріндегі бос орындарға қатысты сұрақтарға жауап берді. Мәселен, «Астана-Тазалық» ЖШС-сі ұсынған бос орындарға қызығушылық білдірген жандар көп болды. Аталмыш кәсіпорынның кадр бөлімінің маманы Жұпар Дауылбаеваның айтуынша, бүгінде аталған мекемеде 15 бос жұмыс орны бар.
Біз әрқашан бос орындар жәрмеңкесіне келіп тұрамыз. Кәсіпорынға жүк көлігінің жүргізушілері, механизаторлар, тракторшылар керек. Әсіресе көше бойындағы көшеттерді суаратын көліктерге жүргізуші қажет. Басты талап – жүргізуші куәлігіндегі барлық категориялар болуы маңызды. Қазіргі таңда 10 жүк көлік жүргізушісі мен 5 механизатордың орны бар. Кәсіпорында жалақы уақтылы беріліп, жеңілдіктер қарастырылған, - дейді Ж.Дауылбаева.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Еңбек мобильділігі орталығында 9 мыңға жуық азамат жұмыссыз ретінде тіркелген. Олардың жартысы әртүрлі мемлекеттік қолдау бағдарламалары, яғни уақытша жұмыс орындармен қамтылған.
Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ
![Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады](/img/articles/2c576a44a3502661c0531a4505edc2d9.jpeg)
![Елорда күні: Қалалық алаңда театрлар шеруі өтті](/img/articles/ec6a57e10b77c55fa3ee47323b51010e.jpeg)
![Астанада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй кешені аяқталды](/img/articles/f4c621155fe5cc49fc45455c1c399411.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/3e6f8bb70cc5280afd870901f1b63da5.jpeg)
![Елордада қала күніне орай «Мereke street» жобасы өтіп жатыр](/img/articles/5c52dc9da84fe6abb5edd12dcf734df6.jpeg)
![Астанада ардагерлерге арналған кеңсе ашылды](/img/articles/692e656d4cb785d4b69f666ccc8453df.jpg)
![Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Астана күнімен құттықтады](/img/articles/8c2c70a0ac40cf7820188470161e45f5.jpeg)
![Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады](/img/articles/9bb4915de6001b5c860c2fa9fc2aad82.jpeg)
![Астана күніне орай елордада қандай ауқымды іс-шаралар өтеді](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![Ербол Мырзабосынов: Мектеп интернаты мен колледж - жоғары спортқа резерв дайындайтын басты баспалдақ](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)