Биыл Сарыарқа ауданында екі жайлы мектеп салынады
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_26_at_21_05_20_2b1d286072.jpeg)
Бүгін елорда әкімі Сарыарқа ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Бес сағатқа созылған кездесу «Ашық микрофон» форматында өтті.
Қала әкімінің сөзінше, биыл Сарыарқа ауданында бірқатар әлеуметтік нысанның құрылысы басталады.
Тұрғындар әлеуметтік нысандар (мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер, спорт нысандары), аулалар мен қоғамдық кеңістіктер, жолдар, инженерлік желілер салу мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, жаңа маршруттарды іске қосу, тұрғын үй кешендерін жөндеу, көшелерді жарықтандыру және т.б. бойынша ұсыныстар айтылды.
Сарыарқа ауданында биыл бірқатар әлеуметтік нысанның құрылысын бастаймыз. Мәселен, «жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сарыарқа ауданында жаңа форматта екі мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Сол сияқты биыл перинаталдық орталықтың құрылысына кірісеміз, бұған қоса көпсалалы аурухананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жоспарланған 15 Оқушылар сарайының бесеуін салуды биыл бастаймыз. Олардың бірі Сарыарқа ауданында орналасады.
Сонымен қатар, автобустарға деген қажеттілікті назарға ала отырып, биыл қалаға тағы 300 автобус жеткізу жоспарланып отыр. Былтыр қоғамдық көлік паркі 400 автобуспен толықтырылған.
Күн жылынып, көктем басталғаннан кейін жолдар салуға, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға, көгалдандыруға және т.б. кірісеміз. Біз оларды қысқа, орта және ұзақ мерзімді деп бөлеміз. Оларды іске асыру мерзімі бекітіледі, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
![Елордада үш автобустың қозғалыс сызбасы өзгерді](/img/articles/7a703d4bb8b833f59130c204263c9020.jpeg)
![Алаш тасжолының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады](/img/articles/2c576a44a3502661c0531a4505edc2d9.jpeg)
![Елорда күні: Қалалық алаңда театрлар шеруі өтті](/img/articles/ec6a57e10b77c55fa3ee47323b51010e.jpeg)
![Астанада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй кешені аяқталды](/img/articles/f4c621155fe5cc49fc45455c1c399411.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/3e6f8bb70cc5280afd870901f1b63da5.jpeg)
![Елордада қала күніне орай «Мereke street» жобасы өтіп жатыр](/img/articles/5c52dc9da84fe6abb5edd12dcf734df6.jpeg)
![Астанада ардагерлерге арналған кеңсе ашылды](/img/articles/692e656d4cb785d4b69f666ccc8453df.jpg)
![Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Астана күнімен құттықтады](/img/articles/8c2c70a0ac40cf7820188470161e45f5.jpeg)
![Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады](/img/articles/9bb4915de6001b5c860c2fa9fc2aad82.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)