Биыл елордада 111 бала өрттен эвакуацияланды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/Izobrazhenie_Whats_App_2023_10_18_v_10_09_04_d4b2949d333_018ff13d2d.jpg)
Астана қаласының коммуникациялар қызметінде ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Ажар Рүстемова брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Спикер өртке байланысты төтенше жағдайлар салдарынан балалардың жарақаттану деректеріне назар аударды.
Оның айтуынша, жыл басынан бері елордалық гарнизонның құтқарушылары 4,5 мыңнан астам жедел шақыртуға барған. Оның 474-і өрт шығуына қатысты. Шақырту кезінде 111 бала эвакуацияланды және өрттен құтқарылды. Тілсіз жау салдарынан 3 бала жарақат алса, 12 бала газдан уланған. Өкінішке қарай, жазғы маусымда су айдындарында 1 бала қайтыс болды. Суға батып кеткен 6 бала құтқарылды.
«Жазатайым оқиға» біздің бақылауымыздан тыс болады. Дегенмен, біз жазатайым оқиғалар деп атайтын оқиғалардың көпшілігі алдын алуға болатын жарақаттар. Жазатайым оқиғалардың алдын алу мүмкін болмаса да, жарақаттарды болдырмауға болады, - дейді А.Рүстемова.
Балалардың жарақат алу тізімінде алдыңғы орынды – жолаушы балалар, жаяу жүргіншілер, велосипедшілер ретінде қатысатын жол-көлік оқиғалары, құлау, түрлі улану, соның ішінде көміртегі тотығымен, өрттер және күйіктер және қаруды абайсызда қолданудан болатын жазатайым оқиғалар тұр.
Әдетте, тұрғын үйде болатын өрттердің негізгі себебі – ересектердің өртке қарсы қауіпсіздікке немқұрайлы қарауы.
Көп жағадайда балалардың төтенше жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етудің қарапайым ережелері сақталмайды. Мәселен, оның өрт кезінде не істеу керектігін білмеуі. Ата-аналар сіріңкелер, оттықтар, жанғыш сұйықтықтарды секілді заттарды балалардың қолы жетпейтін жерлерге қоюды құнттамауы да бір себеп. Балалар да мұндай заттарды пайдалану кезінде қауіп төндіретіндігін біле бермейді. Сондай-ақ, балаларды жалғыз немесе қарт кісілермен жабық тұрғын үй-жайларда және ықтимал қауіпті жағдайы бар орындарда қалдыруы. Нәтижесінде оқыс оқиға орын алғанда, үй-жайдан шығу мүмкіндігін шектеліп қалады.
![Елордада үш автобустың қозғалыс сызбасы өзгерді](/img/articles/7a703d4bb8b833f59130c204263c9020.jpeg)
![Алаш тасжолының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады](/img/articles/2c576a44a3502661c0531a4505edc2d9.jpeg)
![Елорда күні: Қалалық алаңда театрлар шеруі өтті](/img/articles/ec6a57e10b77c55fa3ee47323b51010e.jpeg)
![Астанада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй кешені аяқталды](/img/articles/f4c621155fe5cc49fc45455c1c399411.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/3e6f8bb70cc5280afd870901f1b63da5.jpeg)
![Елордада қала күніне орай «Мereke street» жобасы өтіп жатыр](/img/articles/5c52dc9da84fe6abb5edd12dcf734df6.jpeg)
![Астанада ардагерлерге арналған кеңсе ашылды](/img/articles/692e656d4cb785d4b69f666ccc8453df.jpg)
![Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Астана күнімен құттықтады](/img/articles/8c2c70a0ac40cf7820188470161e45f5.jpeg)
![Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады](/img/articles/9bb4915de6001b5c860c2fa9fc2aad82.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)