00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Биыл Астанада 9 мыңнан астам оқушы мектепті бітірді – Жеңіс Қасымбек

22.06.2023 | 21:22
72
Фото: Қала әкімінің Instagram парақщасынан алынды

Бүгін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек түлектерді мектеп бітіруімен құттықтады. Биыл қалада 9,5 мыңнан астам оқушы мектепті аяқтады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

355278792_570596105145165_1317851831610301104_n.jpg

Түлектерімізді мектеп бітіруімен құттықтадық. Биыл 9,5 мыңнан астам оқушы білім ордасын тәмамдады. Олардың ішінде 280 оқушы – «Алтын белгі» иегері, 607-сі – үздік оқушы. Түлектеріміздің бәріне арналған концертті алғаш рет ұйымдастырып отырмыз, онда түрлі салаларда жетістікке жеткен тұлғалар жастарымызды құттықтап, ерекше шабыт сыйлады.

Құрметті түлектер! Сіздер үлкен өмірге қадам басқалы тұрсыздар! Алдарыңызда жаңа мүмкіндіктер ашылып, жарқын болашағымыздың көкжиегі көрінді. Араларыңызда болашақ ұстаздар, дәрігерлер, IT-мамандары, инженерлер, мемлекеттік қызметшілер және т.б. бар. Білім жолында ғана емес, қоғамдық өмірде де жақсы қырларыңызбен көріндіңіздер. Біразыңыз еріктілер қатарында болдыңыздар. Бұл игі істі ары қарай да жалғастыра беретіндеріңізге сенімдімін!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жуырда өткен Құрылтайда өскелең ұрпақ өткеннің тәжірибесі мен болашақтың көкжиегін ұштастыра отырып, ұлттық рухты жаңғыртып жатқанын ерекше атап өтті. Мемлекеттің міндеті – осы оң серпінді сақтап қалу және оны еселеп арттыру.

Сіздер – біздің үмітіміз, болашағымызсыздар. Өз болашақтарыңыз – өз қолдарыңызда. Тынымсыз еңбек пен білімнің арқасында биік белестерді бағындырып, армандарыңыз бен мақсаттарыңызға жетесіздер! Қателік пен сәтсіздіктен жасқанбаңыздар. Ұлы ғалымдардың бірі Томас Эдисон былай деген: «Мен сәтсіздікке ұшыраған емеспін, тек дұрыс емес 10 000 тәсілді қолданыппын».

Үлкен өмірге басқан сәтті қадамдарыңыз құтты болсын! Бүгінге дейін жиған білімдеріңіз – ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыздың қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Биік шыңдарды бағындыра беріңіздер! Біз сіздерді кез келген уақытта қолдап, жандарыңыздан табыламыз: білім алып, карьера құру үшін және қалада қолайлы өмір сүру үшін тиісті жағдайдың бәрін жасаймыз, - деп жазды әкім. 

355270384_740626117836562_5295231210172206731_n.jpg

355617152_219184387728744_5199453856114311048_n.jpg

355425591_948765666232262_4311823983997327437_n.jpg

Все новости