00:00
Астана -10oC
USD:
472.49
EUR:
515.44
RUB:
5.41
Поиск

«Bir Tolqynda»: Елордада заманауи би чемпионаты өтті

14.08.2023 | 06:30
132
фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметінен

Қазақстанда алғаш рет «Bir Tolqynda» заманауи би чемпионаты өтті. Оған әр-түрлі жастағы 300-ден астам адам қатысты, деп хабарлады Elorda.info «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сайысты «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты мен ҚР Спорттық би федерацияларының қауымдастығы ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға үндеп, бос уақытын пайдалы әрі белсенді өткізуге, нашақорлықтан аулақ болуға шақыру.

«AMANAT»-тың атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек «Bir Tolqynda» чемпионаты тек би мерекесі ғана емес, жастарды қоғам денсаулығы мен әл-ауқаты үшін күресуге белсенді қатыстыруға бағытталған сенімді серпін екенін атап өтті.

WhatsApp Image 2023-08-14 at 12.37.07.jpeg

Есірткімен күрес жүргізу партия мен жастар қанаты үшін басым бағыт саналады. Салауатты өмір салты – қуатты әрі гүлденген қоғамның кепілі. Біз денсаулық сақтау жүйесін жақсартуды көздеп қана қоймай, жастардың белсенді дамуы үшін барынша қолайлы жағдай жасауға, олардың өз қабілет-қарымын танытуына мүмкіндік беруге ұмтыламыз. Біздің сайлауалды бағдарламамызда «Жастармен бір толқында» атты жеке тарау бар. Бүгінгі чемпионаттың осыған ұқсас атаумен өтіп жатуының да өзіндік мәні бар деуге болады. Жастарға жасампаз болу үшін мүмкіндік беру керек. Осы орайда, біз шығармашылық бастамаларды қолдау, мәдениет пен спортты дамытуға жағдай жасау міндетін өз мойнымызға аламыз, – деді ол.

Жеңімпаздарға арнайы ақшалай сертификаттар табысталды.

Айта кетейік, жыл басынан бері «Жастар Рухының» белсенділері есірткі граффитиін бояп, үнемі рейдтерге шығып келеді. Еліміздің барлық 20 өңірінде осындай 4 мыңнан астам «хабарландыру» жойылды.

Все новости