00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Байқоңыр ауданының әкімі кәсіпкерлермен кездесті

07.02.2024 | 11:33
128
Фото: Оңалхан Өнерхан

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған іс-шара биыл алғашқы рет өткізіліп отыр.

касипкерлер.jpg

Кәсіпкерлермен кездесу осыдан кейін де жалғасын табады. Яғни, әр аптаның сәрсенбі күні ұйымдастырылып тұрады. Бүгінгі аудан әкімінің қабылдауына кәсіпкерлермен қоса, инвесторлар да келіп отыр. Сондай-ақ елордалық басқармалар, кәсіпкерлер палатасының өкілдері бар. Кездесудің мақсаты – аудан төңірегіндегі кәсіпкерлер мәселелерін шешу, - деді Байқоңыр ауданының кәсіпкерлерді қолдау бөлімінің басшысы Райымбек Айтжан. 

Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді кездесуде 7 ірі, орта және кіші кәсіпкерлік субьекті өкілдерінің мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын ұсынды. Олардың бірі кәсіпкерлік жобаларының техникалық мәселелерінің оң шешім табуына жергілікті әкімдіктің ықпал етуін сұраса, бірі кәсіпкерлікке арналған жер аумағына қатысты даулы мәселелердің төрелігін айтуды сұрады. 

Шыны талшықты құбырларды шығару және сатумен айналысатын серіктестік өкілі кәсіпке ғана емес, жалпы тұрғындар қозғалысы үшін де кедергі келтіріп тұрған жол мәселесін көтерді.  

комерц.jpg

Мен әкім қабылдауында Жетіген, Досмұхамедұлы, Пушкин көшелерінде көлік қозғалысы көп екенін айттым. Бұл жолдармен жүк көліктері де, басқа қоғамдық және жеңіл көліктер де қатынайды. Толассыз көлік қозғалысы кептелістер туғызып, жолаушылардың ұзақ уақытын алады. Мәселені шешу үшін сол жерде жолды тарылтып, кедергі келтіріп тұрған ескі жылыту құбырларын кесу немесе жер астымен жүргізу мәселесін ұсындым. Байқоңыр ауданы әкімі ескі жылыту құбырларын жер астымен жүргізу қымбатқа түсетінін, оған әзірге мүмкіндік жоқ екенін айтты. Алайда бұл мәселе күн тәртібі бойынша шешілуі тиіс мәселелердің қатарына енгізілді, - деді «Amitech Astana» ЖШС-нің коммерциялық директоры Арман Әубәкіров.

кесте.jpg

Бұдан кейін де көкейтесті мәселелерді көтерген кәсіпкерлерге аудан әкімі мен басқарма өкілдері оңтайлы шешімдер ұсынды. 

Айта кетейік, көтерілген мәселелердің кездесу барысында, үстел басында шешілуіне назар аударылды. 

Все новости