00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Атаулы көлік карталарын шығару және қайта шығару уақытша тоқтатылды – CTS

26.04.2023 | 22:00
104

Көлік карталарын жеткізушіде логистика бойынша туындаған қиындықтарға байланысты, 27 наурыздан бастап атаулы (жеңілдікті және мектеп) көлік карталарын шығару және қайта шығару уақытша тоқтатылады, деп хабарлады Elorda.info.

Орталық кассада, Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайы бойынша азаматтардың жеңілдікті және мектеп санаттары үшін көлік карталарын бастапқы шығаруға және қайта шығаруға құжаттар ғана қабылданады. Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесінде пайдалануға арналған көлік карталары жеткізілгеннен кейін карталар шығарылып, өтініш берушілердің мекенжайларына тегін жеткізіледі.

Сондай-ақ, Transcard.kz сайтында онлайн ресімделген өтінімдер карталар жеткізілгеннен кейін өңделеді, - делінген CTS хабарламасында.

Атаулы карталарды шығару жөніндегі қызметті қайта бастау туралы қосымша хабарланатын болады.

Атаулы карталарды ресімдеу үшін қажетті құжаттардың тізімін Transcard.kz сайтынан көре аласыз немесе iKomek109 бірыңғай байланыс орталығынан 109 нөмірі арқылы нақтылай аласыз.

Все новости