00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астананың әр ауданында бір миллионға жуық көшет отырғызылады

11.08.2023 | 07:00
136

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Астанадағы жаңа қоғамдық кеңістіктер мен саябақтарды абаттандыру туралы» туралы Урбанистика орталығының бөлім басшысы Аслан Қандығұлов брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Урбанистика орталығының мамандары қаланы абаттандыруға және елордада жайлы қалалық ортаны құруға белсенді қатысады. Соңғы бес жылда қала бойынша 1000-нан астам жоба іске асырылды, оның ішінде 181 қоғамдық кеңістік пен 873 аула аумағы абаттандырылды.

Біз, елордалық сәулетшілер, бұл саябақтар тұрғындар қаланың қарбаласынан демалуға болатын жайлы орынға айналады деп сенімді түрде айта аламыз. Бұл ретте эскиздік жобаларды әзірлеу кезінде тұрғындардың барлық ұсыныс тілектері мен айтқан сындары ескеріледі. Сонымен қатар, мамандарымыз жұмыс барысында ең тиімді әлемдік тәжірибені қолданады. Мысалы, қалада веложолдар саны артып келеді, бұл болашақта көшелердегі көлік құралдарының санын азайтуға және көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді, - дейді А.Қандығұлов.

Биыл елорданың барлық ауданында 165-тен астам қоғамдық кеңістік және аула аумағын абаттандыру жүріп жатыр.

Абаттандыру кезінде көгалдандыруға басымдық беріледі. Әр ауданда бір миллионға жуық көшет отырғызылады.

Көктемде Мәңгілік ел, Ұлы дала даңғылдары, Ш.Бейсекова, Шарль де Голль, Сәтбаев көшелері көгалдандырылды. Біз жергілікті климатқа бейімделген ағаш түрлерін егеміз. Көшеттер елордалық жылыжайларда өсіріліп, көктемде және күзде отырғызылады, - деп көгалдандыру жұмыстары туралы да атап өтті. 

Қазір Есіл өзенінің жағасында Ш.Бейсекова көшесінен Көктал елді мекеніне қарай қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Амфитеатр, спорт алаңдары, серуендеу орындары, ойын алаңқайлары және т.б. жабдықталады.

Все новости