00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астаналықтар жұмысшы мамандықтарын тегін оқи алады

23.11.2023 | 02:30
119
Фото: дереккөз

«JOLTAP» жобасы аясында астаналықтардың жұмысшы мамандықтары бойынша қысқа мерзімді оқудан өтуге мүмкіндігі бар, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«JOLTAP» жобасы аясында оқыту тегін жүргізіледі. Қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары жетекші салалық кәсіпорындардың стандарттарына негізделеді.

Жоба аясында мынадай жұмысшы мамандықтарын меңгеруге болады:

• Наубайшы;

• Бариста;

• Сатушы-кассир;

• Қоғамдық тамақтану қызметкері;

• Жеке тапсырыс тігіншісі;

• Тігін жабдықтарының операторы.

Жұмысшы мамандықтарына қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы тек Астана қаласының 18 бен 50 жас аралығындағы тұрғындарына қолжетімді. Барлық сабақ арнайы оқу сыныптарында өтеді. Оқытудың басталуы туралы толық ақпарат Instagram желісіндегі @joltap.kz парақшасында жарияланады. Кез келген елорда тұрғыны «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктерде кеңес алып, оқуға жазыла алады.

Күнделікті сағат 10:00-19:00 аралығында:

«Ailand» ОДО, Қорғалжын тасжолы, 2;

«Magnum» супермаркеті, Еділ көшесі, 26;

Күнделікті сағат 10:00-20:00 аралығында:

«Жастар» сарайы Республика даңғылы, 34;

«Тұлпар» СО Ш. Уәлиханов көшесі, 24;

«Euromall» СҮ, Қосшығұлұлы көшесі, 23;

«Встреча» СҮ Абылай хан даңғылы, 31;

«Mechta» СҮ, Сығанақ көшесі, 3;

«Азия парк» СОО Қабанбай батыр даңғылы, 21;

Күнделікті сағат 10:00-18:00 аралығында:

«Саянұр» базары Тілендиев даңғылы, 24/5;

«Big Шанхай» базары, Алаш тас жолы, 32а.

Все новости