Астаналықтар запасқа шығарылған теңізшілерді салтанатты жағдайда қарсы алды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/0e0273e70f12ded090d9eb07a4200dfd_1280x720_3fac61b14f.jpg)
Астананың теміржол вокзалында Әскери-теңіз күштері қатарында мерзімді қызметін өтеп оралған қырық матросты құрметпен күтіп алды, деп хабарлады Elorda.info.
Перронда Қорғаныс министрлігі мен қалалық әкімдік өкілдерінің, Қарулы күштердің және Ауған соғысы ардагерлерінің, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы тәрбиеленушілерінің, сондай-ақ матростардың ата-аналарының қатысуымен салтанатты митинг өтті.
Бүгін біз салтанатты жағдайда қарсы алып отырған матростардың бәрі әскер деген өмір мектебінен өтіп, шынығып, шыңдалып келді. Олардың бәрі әртүрлі қару-жарақтан атуды үйренді. Жауынгерлік кемелердің жорығына қатысып, Әзербайжан, Иран, Ресей порттарында болды, – деп атап өтті Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Жұмабек Хасенов.
«Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов теңізшілерді үйлеріне оралуымен құттықтап, азаматтық өмірге бейімделіп, болашақтарына дұрыс бағдар жасай білуіне тілектестік білдірді.
Бір жыл көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Әскери тәртіпке бейімделіп, төзімді болуды үйрендік. Көптеген достар таптым. Әскер жастарға үлкен мүмкіндіктер ашып отыр. Келісімшарт бойынша қызметті жалғастыруға немесе ҰБТ тапсырмай жоғары білім алуға болады. Әркімнің жүрек қалауы шешеді. Мен әскери сала бойынша оқып, офицер болғым келеді, – деді запастағы матрос Айболат Аманкелді.
Запасқа шығарылған әскери қызметшілерді күтіп алу Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі орындаған шерумен өтті.
![](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![](/img/articles/3dcf39ad314696253e80e482867a3ac9.jpg)
![](/img/articles/12faf4c27ac2164616f17e134647bffe.jpg)
![Астана күніне орай елордада қандай ауқымды іс-шаралар өтеді](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![Ербол Мырзабосынов: Мектеп интернаты мен колледж - жоғары спортқа резерв дайындайтын басты баспалдақ](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![Тұран даңғылының бір бөлігі жартылай жабылады](/img/articles/3dcf39ad314696253e80e482867a3ac9.jpg)
![Елордада республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды](/img/articles/12faf4c27ac2164616f17e134647bffe.jpg)
![Астанада дәмхана өртенді](/img/articles/3960209a60ccef9e98ee9a8fbdb4e410.jpg)
![Елордада жаңа кітапхана ашылды](/img/articles/a025dd6342dbbf6e3b3043e0d53dae70.jpeg)
![Астанада дрондар шоуына арнайы автобустар ұйымдастырылады](/img/articles/2c6412729b387d59a5add8c8de960e6d.jpg)
![Елордада ұлттық костюмдер дефилесі өтті](/img/articles/148eeb79ee4ca96186b45886afc4aa1c.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/d1ebfdd234b60c94b00db1e335b3c095.jpeg)
![Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді](/img/articles/8527c108fb201c96bc1c3bf6e19ac1e7.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)