00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астаналық соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беріледі

27.04.2023 | 12:30
96

Астанада қазіргі уақытта Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 10 ардагер тұрады. Жеңіс күніне орай олардың әрқайсысы 1,5 миллион теңгеден алады, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада тұратын 10 Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерінің ең үлкені – 103 жаста, ең кішісі – 97 жаста. Биыл Жеңіс күніне орай олардың әрқайсысына 1,5 миллион теңге төлеу туралы шешім қабылданды.

ЧАЭС қатысушылары мен мүгедектерінен бөлек, жеңілдіктер бойынша Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлеріне теңестірілген 436 адам 120 750 теңгеден алады. Олардың қатарында Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде қызмет еткен 13 әскери қызметші, фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарға қатысқан жандар, Ленинградта блокада кезеңінде еңбек еткен азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, мүгедек болған әскери қызметшілер бар.

Өзге мемлекеттердің аумағындағы болған әскери іс-қимылдардың ардагерлеріне (Ауғанстандағы әскери іс-қимылдан басқа) - тәжік-ауған учаскесінде, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясында, Таулы Қарабақта этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан міндеттерді орындаған әскери қызметшілерге 35 АЕК (120 750 теңге) мөлшерінде төлемдер көзделген. Елордада 899 адам бар.

Тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған Екінші дүниежүзілік соғысы мүгедектерінің жұбайлары 9 мамырға дейін 11 АЕК (37 950 теңге) мөлшерінде төлем алады.

Айта кетейік, ардагерлерге тиісті төлемдер 27 сәуірден бастап беріле бастайды.

Сонымен қатар жергілікті бюджет қаражатынан Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне мынадай қызметтер тегін көрсетіледі:

- коммуналдық қызметтер үшін ақшалай өтемақы, ол ай сайын пәтердің ауданына байланысты 5-тен 8 АЕК-ке дейінгі мөлшерде бөлінеді;

- дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

- мерзімді басылымдарға жазылуға, моншаларға, шаштараздарға жылына бір рет баруға (жыл басында жеке шоттарына 6,5 АЕК аударылады) әлеуметтік көмек;

- санаториялық-курорттық емдеу қызметтері;

- қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жол жүру;

- тіс протездеу қызметтері.

Все новости