00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астаналық әскерилер «Тіл – татулық тірегі» байқауында бақ сынады

21.09.2023 | 08:00
99
Фото: Қорғаныс министрлігінен

Астанада Қазақстан халқының тілдері күніне арналған әскери қызметшілер арасындағы «Тіл – татулық тірегі» байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өткен қазақ тілі білгірлерінің сайысы Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелері арасындағы «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп аталатын айлықтың шешуші кезеңі болды.

Байқауға қатысушылар мемлекеттік тілді еркін меңгергендіктерін көрсете білді. Шығармашылық сайысқа Қарулы күштердің түрлері мен құрылымдық бөлімшелерінен бес адамнан тұратын алты команда қатысты. Олар – «Арыстан» (55765 әскери бөлімі), «Жерұйық» (Құрлық әскерлері), «Әуе қырандары» (Әуе қорғанысы күштері), «Тәртіп сақшылары» (Әскери полиция), «Жалын» (Әскери колледж) және «Алаш» (Десанттық-шабуылдау әскерлері).

Байқау бес балдық шкала бойынша бағаланған үш кезеңнен тұрды. «Өлең – сөздің патшасы...» деп аталатын бірінші кезеңде белгілі қазақ ақындарының шығармаларынан алты шумақ өлеңді жатқа оқу қажет болды. Келесі кезекте «Үй тапсырмасы» тексерілді. Онда командалар көрермен назарына сахналық көріністер ұсынды. Үшінші кезеңде өнерпаздар әр ұлттың ұлттық киімдері мен мәдениетін көрсете отырып, ән немесе би орындады.

8c1c6e2eba346b4bd28ca23e4b37cc70_1280x720.jpg

Командалардың бөлінген уақытты қатаң сақтауына, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде еркін және таза сөйлеуіне, өлеңді мәнерлеп оқи білуіне және мәтіннің көркем идеяларын аша білуіне, сондай-ақ сахна шеберлігі мен мәдениетіне ерекше назар аударылды.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды иеленген «Тәртіп сақшылары» командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды «Алаш» командасы иеленсе, үшінші орын «Жерұйық» командасының еншісінде. Басқа командалар да назардан тыс қалған жоқ. Барлығы Қорғаныс министрінің алғыс хатымен және естелік кәдесыйлармен марапатталды.

Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларды құттықтаған Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы, полковник Ербол Құмарбекұлы:

Әр халықтың ұлттық болмысы ұрпақ бойына ана тілі арқылы дарығанда ғана үлкен нәтиже береді, – деді.

Все новости