Астаналық әскери колледжде алғаш рет ант беру рәсімі өтті
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/8ab811ea6cf4d5851dbba4d1e4f93734_1280x720_df5d68210a.jpg)
Конституция күні қарсаңында Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде алғаш рет ант беру рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Салтанатты шараға Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы, әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев, Қарулы күштердің ардагерлері, Халық қаһарманы, отставкадағы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов, әскери колледждің оқытушылары, еліміздің әртүрлі аймақтарынан келген ұландардың туыстары мен жақындары қатысты.
Қалыптасқан дәстүр бойынша армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Әскери колледж тәрбиеленушілерін Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы, әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев құттықтады.
Ол өз сөзінде курсанттардың туыстарына:
Балаларыңыздың бойына кішкентай күнінен патриотизмді сіңіріп, болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелегендеріңіз үшін сіздерге ризамыз. Сіздер ұлдарыңыз, бауырларыңыз Қарулы күштер қатарында елге қызмет ететінін және оның тұтастығын қорғайтынын мақтан тұтуларыңыз керек, – деді.
Әскери ант беру рәсімі аяқталған соң оқу орнының басшылығы экскурсия ұйымдастырды. Онда қонақтар колледж мұражайында болып, казарма, оқу аудиториясы және асханамен танысты.
![Елордада үш автобустың қозғалыс сызбасы өзгерді](/img/articles/7a703d4bb8b833f59130c204263c9020.jpeg)
![Алаш тасжолының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады](/img/articles/2c576a44a3502661c0531a4505edc2d9.jpeg)
![Елорда күні: Қалалық алаңда театрлар шеруі өтті](/img/articles/ec6a57e10b77c55fa3ee47323b51010e.jpeg)
![Астанада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй кешені аяқталды](/img/articles/f4c621155fe5cc49fc45455c1c399411.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/3e6f8bb70cc5280afd870901f1b63da5.jpeg)
![Елордада қала күніне орай «Мereke street» жобасы өтіп жатыр](/img/articles/5c52dc9da84fe6abb5edd12dcf734df6.jpeg)
![Астанада ардагерлерге арналған кеңсе ашылды](/img/articles/692e656d4cb785d4b69f666ccc8453df.jpg)
![Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Астана күнімен құттықтады](/img/articles/8c2c70a0ac40cf7820188470161e45f5.jpeg)
![Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады](/img/articles/9bb4915de6001b5c860c2fa9fc2aad82.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)