00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада жылу тарифіне қатысты дөңгелек үстел өтті

20.02.2024 | 13:17
114
Фото: Сұлтан Сейтов

Тұрғын  үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасында өткен жиынға  Сарыарқа, Нұра аудандары әкімдіктерінен,  «Астана-Теплотранзит» АҚ-нан өкілдер және т.б. қатысты.

Біз желтоқсан айында көппәтерлі тұрғын үйлерге жылуды бірдей тарату бойынша  пилоттық жоба бастадық. Оған Иманбаева көшесіндегі 10 үй, Ғабдуллина  көшесіндегі 12 үй және Есіл ауданындағы бірнеше үй таңдалып алынды. Қазіргі пилоттық жобадан тек 1 үй сәтті өтті. Мәселен, қаладағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде тұратын тұрғын жылу ақысын уақтылы төлесе де, салқын пәтерде тұруға мәжбүр болғанын айтты. Артынша бұл пәтерге тиісті инженерлік жұмыстар жүргізілді,- деді қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілі Гүлвира Әбетова.  

Сонымен қатар ол қаладағы кейбір үйлерде жылу беру әртүрлі деңгейде екеніне тоқталды. 

Тұрғын үйлердің төменгі қабатында пәтерлер салқын болса, ал жоғарғы қабатта ыстық болған. Тіпті тұрғындар қыста терезе ашатындай жағдайға жеткен. Міне, осындай жағдайдан жылу барлық пәтерге бірдей берілмейтіндігі белгілі болып отыр. Ал оған ақшаны тұрғындар бірдей тарифпен төлеп отыр, - деді Г.  Әбетова. 

Жиналғандар жылу бағасына қатысты басқа да түрлі ұсыныстарын ортаға салды. Олардың барлығы жинақталып қалалық мәслихаттың қарауына жіберіледі. 

Сабина Кәкімжан

Все новости