Астанада жұмыссыз жастар саны азайып келеді
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/Izobrazhenie_Whats_App_2023_10_10_v_11_24_16_77c4fb70_ad5e4d4498.jpg)
Астана қаласының коммуникациялар қызметінде жастарды жұмысқа орналастыру, алғашқы жұмыс орны, жастар практикасы және ұрпақтар келісімшарты тақырыптары аясында Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Олжас Омар мен Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қаласының Статистика департаментінің мәліметінше, елордада 14-35 жас аралығында 440 мыңнан астам жастар бар. Еңбекке қабілетті жастар саны – 298 мың, оның ішінде жұмыс істейтіндер 286 мың, жұмыссыз – 12 мың адам.
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 0,6% төмендеді, яғни 4,6% болса, қазіргі таңда 4% құрайды (2023 жылғы ІІ тоқсан).
Жастарды жұмыспен қамту – өзекті мәселе. Бұл бағытта әкімдік бірнеше бағдарламаларды іске асыруда. Мысалы, жастарға арналған «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және т.б.
Әр тоқсан сайын жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Осы уақытқа дейін «Жастар» сарайында, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ және Есіл университетінде өткізілді. Келесі бос орындар жәрмеңкесі қазан айының 24-іне жоспарланған.
Биыл жазда 4 200 жас «Жасыл ел» жобасы аясында жұмыс істеді. Олардың ішінде: көпбалалы отбасылардан шыққан балалар – 2 648, толық емес отбасынан шыққан балалар – 387, жетім балалар – 69, оқу орнында есепте тұрған – 11, отбасында бір мүмкіндігі шектеулісі бар – 34 балалар.
Жұмыспен қамту мәселесіне келгенде міндетті түрде NEET санатындағы жастарды да атап өткен жөн деп санаймын. Яғни, NEET санатындағы жастар дегеніміз – оқу оқымайтын, жұмыс істемейтін азаматтар. Олардың үлесі ІІ тоқсан қорытындысы бойынша 6,1% немесе 25 мың адамды құрады. Оларды әлеуметтендіру мақсатында «Жас жігер» жобасы ұйымдастырылады, - дейді Олжас Омар.
Жұмыс мамандықтарын танымал ету мақсатында «Үздік» жобасы іске асырылуда. Бұл уақытқа дейін «Үздік тігінші», «Үздік ағаш ұстасы» байқаулары бойынша жеңімпаздар анықталды. Алдағы уақытта басқа да мамандықтар бойынша байқаулар өтетін болады.
Жастар арасында мемлекеттік бағдарламаларды, соның ішінде жұмыспен қамту саласындағы бағдарламалар мен жобалар туралы жастарды кеңінен ақпараттандыру мақсатында ақпараттық буклеттер таратылады.
Жастарға қызмет көрсету орталықтары және «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункттері бар. Бұл пунктерде елорда тұрғындары жұмыс және цифрлық дағдыларды игеру бойынша тегін кеңес, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алады, «Freelance мүмкіндік» жобасына жазылуға болады. Бұл жоба – қазіргі таңда әлемде және Қазақстанда сұранысқа ие цифрлық дағдыларға оқытуды ұсынатын жоба. Олар: таргетолог, SMM, видеограф, маркетплейс, мобилограф, графикалық дизайнер және веб-дизайнер», - дейді Қайрат Қамбаров.
Өз саласында 6 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар, сонымен қатар Kaspi.kz, BI Group, Atameken, KazDream және т.б. жетекші компаниялармен жұмыс істеген, тәжірибелері бар курс оқытушыларымен келісімшарт жасалған.
Сонымен қатар, курс студенттерінің BS Company, PR Agency, Мир керамики, NV Clinic және т.б. компанияларда тағылымдамадан өту және жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылған.
Қазіргі таңда бірінші топ оқуын бастап кетті – 177 адам оқытылуда. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушылар сертификат алады, ал олардың кандидатуралары «JUMYS TAP» Telegram-ботында тегін жарнамаланады.
Айта кетейік, бұл шаралар «JOLTAP» жобасы аясында өткізілуде және оқыту толықтай тегін.
![Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады](/img/articles/2c576a44a3502661c0531a4505edc2d9.jpeg)
![Елорда күні: Қалалық алаңда театрлар шеруі өтті](/img/articles/ec6a57e10b77c55fa3ee47323b51010e.jpeg)
![Астанада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй кешені аяқталды](/img/articles/f4c621155fe5cc49fc45455c1c399411.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/3e6f8bb70cc5280afd870901f1b63da5.jpeg)
![Елордада қала күніне орай «Мereke street» жобасы өтіп жатыр](/img/articles/5c52dc9da84fe6abb5edd12dcf734df6.jpeg)
![Астанада ардагерлерге арналған кеңсе ашылды](/img/articles/692e656d4cb785d4b69f666ccc8453df.jpg)
![Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Астана күнімен құттықтады](/img/articles/8c2c70a0ac40cf7820188470161e45f5.jpeg)
![Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады](/img/articles/9bb4915de6001b5c860c2fa9fc2aad82.jpeg)
![Астана күніне орай елордада қандай ауқымды іс-шаралар өтеді](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![Ербол Мырзабосынов: Мектеп интернаты мен колледж - жоғары спортқа резерв дайындайтын басты баспалдақ](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)