00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада Нигерия азаматтары көшi-қон заңнамасын бұзды

28.11.2023 | 07:15
134
Фото: дереккөз

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында астаналық полицейлер ел аумағында көші-қон заңнамасын бұзып жүрген екі Нигерия азаматын анықтады, деп хабарлады Elorda.info

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру барысында олардың визасының мерзімі өтіп кеткені анықталды. Жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты бұл шетелдіктер Астана қаласы ПД Қабылдау тарату бөліміне орналастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, елордада 20 қарашадан бері «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Алдын алу шараларының негізгі бағыттары көшелер мен қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейту, бұзақылық әрекеттердің жолын кесу, заңсыз көші-қонды анықтау және т.б.  

Все новости