00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Астанада музей қызметкерлерінің I конгресі өтіп жатыр

27.10.2023 | 09:00
117
Фото: ҚР Ұлттық музейінен

Астанада мемлекеттік органдар өкілдерінің, депутаттардың, отандық және шетелдік ғалымдардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, музей қызметкерлерінің және еліміздің барлық өңірлерінен келген жас зерттеушілердің қатысуымен Қазақстанның музей қызметкерлерінің I конгресі өтуде, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шара жетістіктерді насихаттау, музей ісін дамыту, музейлердің ғылыми-зерттеу, мәдени-білім беру қызметін жетілдіру, олардың елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтаудағы рөлін арттыру мақсатында өткізілуде.

Конгресс шеңберінде «Өзбекәлі Жәнібеков мұрасы және музей ісі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылды. Онда қатысушылар музейтану, мәдениеттану, этнография, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

«Өзбекәлі Жәнібеков мұрасы» көрмесінде қатысушылар көрнекті ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайтын ҚР Ұлттық музейі мен «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының қорларынан бірегей музей заттарымен және коллекцияларымен танысты.

Айта кетейік, «Музей заттарын консервациялау және реставрациялау» семинар-практикумының алаңында музей заттарын консервациялау, реставрациялаудың теориялық, практикалық-әдіснамалық мәселелері талқыланды.

Все новости