00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада жоғалған бала қызметтік иттің көмегімен табылды

11.06.2024 | 11:42
Торғын Аман
135
Астанада қызметтік иттің көмегімен жоғалған бала табылды
Фото: Астана қ. ПД

Астанада полиция сержанты, кіші инспектор-кинолог Нұрсұлтан Санжар Дан деген қызметтік иттің көмегімен аулада ойнап жүріп, жоғалып кеткен баланы іздеп тапты, деп хабарлады Elorda.info.

Иманов көшесіндегі аулалардың бірінде ойнап жүрген 5 жасар бала жоғалғаны туралы полицияға хабар келіп түскен. Анасы баласын ойнап жүрген жерінен таба алмай қалған.

«Жедел қоңырау қабылдаған тәртіп сақшылар бірден жылдам әрекетке көшіп, кәмелетке толмаған баланы іздеуді дереу ұйымдастырған. Полицейлер баланың болуы мүмкін барлық жерлерді тексеруге кірісті. Бұл жерде қызметші итпен бірге кинолог инспекторлар да баланы іздеуге жұмылдырылды.  Баланың киімінен шыққан иіске қарап, ит иісті бірден қабылдап алған. Біраз уақыттан кейін Дан, иіс арқылы баланың ізіне түсіп, іздей бастаған. Нәтижесінде ол полиция қызметкерлерін бала жүрген үйдің аумағындағы ойын алаңына апарған. Тәртіп сақшыларына хабарласқан баланың анасы көмек көрсетіп, ұлын жедел іздестіргені үшін полицейлерге ерекше алғысын білдірді», - деді Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.

Неміс овчаркасы Дан, полиция бөлімшесінің кинологиялық қызметінде 4 жылдай қызмет етуде. Ит бақылау жұмыстарына жақсы үйретілген және иіс ізін пайдаланып адамды іздеуге әбден дағдыланған.

Елордалық сақшылар аулада ересектердің қарауынсыз ойнап жүрген балалардың адасып кететін жағдайлар жиі орын алатынын атап өтті. Бұған дейін де  қызметтік ит Дан тұрғын үйдің ауласынан шығып кеткен 5 және 7 жастағы екі ұл баланы тапқанын қуана айтуға болады.

Все новости