00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейді

01.11.2023 | 07:30
120
Фото: дереккөз

Астанада қар тазалауға жүздеген жол жұмысшылары мен техникалар қатысады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Күз-қыс кезеңінде елорданың бес ауданында қала аумағын санитарлық тазалау жұмысына екі мыңнан астам арнайы техника және жауын-шашын көп болған жағдайда үш мыңға жуық жол жұмысшысы жұмылдырылады.

Коммуналдық қызметтер толықтай дайын және қала аумағын жылдам тазарту үшін қажетті жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз етілген. Бірінші кезекте жолаушылар маршруттар қатынайтын жолдар, сол сияқты аялдамалар мен тротуарлар бойынша орталық көшелердегі жолдар тазартылады.

Сол сияқты қар полигондары самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.

Все новости