00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

30.09.2023 | 04:30
107
Фото: Василий Крась

Астанада ауылшаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтіп жатыр. Қыркүйектің 30-ы мен қазанның 1-і аралығында өтетін жәрмеңкеге Қостанай мен Ақтөбе облыстарының шаруалары өз өнімдерін ұсынып отыр, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

картоп.jpg

Жәрмеңке әдеттегідей Тәуелсіздік даңғылындағы ҚазҰӨУ алдындағы алаңда өтуде.

Қостанай облысының 14 ауданынан және 3 қаласынан, яғни Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Қарасу, Қамысты, Қостанай, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл, Таранов, Федоров, Ұзынкөл аудандары мен Арқалық, Рудный, Қостанай қалаларынан 50-ден астам кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынып отыр.

Облыс кәсіпорындары 400 тонна көлемінде 100-ден астам өнім түрін сатуды жоспарлады. Мәселен, мал еті – 51 тонна, сүт өнімдері – 35, шұжық өнімдері мен ет жартылай фабрикаттары – 23, жарма мен макарон өнімдері – 30, картоп пен көкөніс – 70, ұн – 50 тонна, сондай-ақ нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, сусындар, бал және т.б.

Жәрмеңкеде бренді бүкіл республика бойынша және одан тыс жерлерде танымал сүт және ет кәсіпорындары де бар.

Сонымен қатар, жәрмеңкеге Ақтөбе қаласы мен облыстарынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші шаруалар мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысты, - делінген ақпарат көзінде.

ет.jpg

Олар елорда қонақтары мен тұрғындарына 80 тонна ет, 61 тонна картоп пен көкөніс, 30 тонна сүт, 17 мың жұмыртқа, 6 тонна балық, бір тонна бал, 10 тонна шұжық, 8 тонна ұн мен макарон өнімдерін ұсынып отыр.

Все новости