Астанада GPT – чаттың көмегімен салынған картиналардың фотокөрмесі өтті
![](/img/watch-gray.png)
![Астанада GPT – чаттың көмегімен салынған картиналардың фотокөрмесі өтті](/img/articles/5930f9531c644a647b1b5e266c601a68.jpg)
Бүгін елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында GPT - чатты қолднау арқылы салынған картиналардың фотокөрмесі өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Қала қонақтары мен тұрғындары, оқушылар мен кішкентай балғындардың назарына экология, табиғатқа, қоршаған ортаға құрметпен қарауға шақыратын 50 картина ұсынылды.
GPT – чаттың көмегімен жасалған картиналардың әрқайсысында қазіргі жағдай мен болашақ, бүгін мен ертеңгі күн бейнеленген. Түрлі стильде салынған бояу қанық, айтар идеясы бар картиналар келушілердің көңілінен шықты. Әсіресе жасанды интеллекттің болашақты қалай суреттегіні келушілердің қызығушылығын туғызды.
Іс-шара аясында белгілі экологиялық белсенді Шасалим Шагалимов елордалықтарға табиғатты ластамау, айналаның тазалығына мән беру тақырыбында дәріс оқыды.
«Еліміз үшін экология өте маңызды мәселе болып отыр. Бұл саладағы проблемаларды оң шешуге тек қаладағы коммуналдық қызметтер ғана емес, тұрғындар да қолдау көрсетуі керек. Пластик пен бір рет қолдануға арналған пакеттер біздің өмірімізді жеңіл әрі ыңғайлы еткенімен экологияға тигізіп жатқан зияны көп. Олар қайта өңделмесе топырақ пен суға араласып, қоршаған ортаны ластайды. Көлігіміздің терезесінен сыртқа лақтырған немесе арнайы жәшікке салынбаған кішкентай қоқыстың өзі экологияға, жолдарға, көшелерге, жалпы қаламыздың келбетіне кері әсерін тигізетінін ұмытпауымыз керек. Айналаға, табиғатқа құрметпен қарауға шақырамын, экологиямыздың жақсы болуы ұлттың денсаулығына тікелей әсер ететінін есте ұстайық», -деді Шасалим Шагалимов.
![Елордада үш автобустың қозғалыс сызбасы өзгерді](/img/articles/7a703d4bb8b833f59130c204263c9020.jpeg)
![Алаш тасжолының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады](/img/articles/2c576a44a3502661c0531a4505edc2d9.jpeg)
![Елорда күні: Қалалық алаңда театрлар шеруі өтті](/img/articles/ec6a57e10b77c55fa3ee47323b51010e.jpeg)
![Астанада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй кешені аяқталды](/img/articles/f4c621155fe5cc49fc45455c1c399411.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/3e6f8bb70cc5280afd870901f1b63da5.jpeg)
![Елордада қала күніне орай «Мereke street» жобасы өтіп жатыр](/img/articles/5c52dc9da84fe6abb5edd12dcf734df6.jpeg)
![Астанада ардагерлерге арналған кеңсе ашылды](/img/articles/692e656d4cb785d4b69f666ccc8453df.jpg)
![Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Астана күнімен құттықтады](/img/articles/8c2c70a0ac40cf7820188470161e45f5.jpeg)
![Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады](/img/articles/9bb4915de6001b5c860c2fa9fc2aad82.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)