00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

16.06.2023 | 18:00
81
Фото: Elorda Aqparat

Бүгін елордадағы Жастар сарайында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Жәрмеңкені «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ, қалалық әкімдіктің «Астана жастары» ЖРО, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» және Amanat партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Еліміздің 20 өңірінде осындай жәрмеңке өткізуді бастадық. Мұндағы басты мақсат – жұмыс берушілерді бір алаңға жинау және жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. 20 өңірде 3 күн ішінде 3 548 жұмыс орны жастарға ұсынылады, - деді Amanat партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек.

59cbbe11-eb30-440b-a89f-5f708b1a6afb.jpg

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне бүгін 50-ден астам елорданың жетекші компаниялары мен ұйымдары қатысты.

Жұмыс берушілер қатарында мемлекеттік мекемелер және жеке кәсіпкерлер бар. Жұмыс берушілер негізінен 18 жастан бастап жұмысқа қабылдайды. Ал жазғы уақытта 16 жастан да алады. Қазіргі кезде 55 компания 800-ге жуық жұмыс орнын ұсынып жатыр, - деді  «Астана жастары» КММ NEET санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Әлфараби Аймақ. 

Қалада жылына кемінде 4 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі. 

Мен қазір 2-курста оқимын. Жазғы демалыста қосымша табыс табу үшін жұмыс іздеп бүгінгі жәрмеңкеге келдім. Мұнда бірнеше компаниямен сөйлесіп, өзіме ұнаған жұмысты таптым. Ол компания құрылыс материалдарын сатумен айналысады. Онда құрылыс материалдары бойынша келушілерге кеңесші қызметін атқарамын. Жалақысы 200 мыңнан асады. Сондай-ақ сыйақы мен бонустар да беріледі, - деді 19 жастағы елорда тұрғыны  Шерхан Ибраев.

Сабина КӘКІМЖАН

Все новости