00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада балалар тауарлары жәрмеңкесі өтеді

10.08.2023 | 16:00
122
Фото: ашық дереккөз

Астанада EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында «Kids EXPO.
Балалар әлемі» балалар тауарлары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ұйымдастырады.

Жәрмеңке 18-20 тамыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.

Жәрмеңке тақырыптары:

1. Сауда (кеңсе тауарлары, кітаптар мен оқулықтар, мектеп формасы, киім, ойыншықтар, әртүрлі хобби түріне арналған жабдықтары, гаджеттер, спорттық жабдықтар, жиһаз, балалар тауарлары, сәбилер мен аналарға арналған тауарлар, дәрумендер мен ББҚ);

2. Білім беру (мектептер, репетиторлар, курстар, жоғары оқу орындары, балалар мамандары, елшіліктер жанындағы шетелдік бағдарламалар);

3. Ойын-сауық (шығармашылық шеберлік кластары, ойын алаңдары, аниматорлар);

4. Қызметтер (күтушілер, тасымалдау);

5. Балалар шығармашылық студияларының мәдени-ойын-сауық бағдарламасы, спорттық іс-шаралар;

6. Балаларға арналған киімдердің сән көрсетілімі.

«Kids EXPO. Балалар әлемі» балалар тауарлары мен қызметтерінің жәрмеңкесі – тауарлар мен қызметтер нарығының көшбасшыларын біріктіретін алаң, онда елорда тұрғындары мен қонақтары жаңа оқу жылына қажеттінің барлығын сатып ала алады, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта кітап, кеңсе, тоқыма, білім беру, ойын-сауық индустриясын және т.б. саланы қамтитын 60-қа жуық компания қатысатыны расталды.

Все новости