Астанада автотұрақтар демалыс күндері ақылы болады
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/10_2_000649e60a.jpg)
Астанада автокөлік иелерінің 99%-ы тұрақ ақысын мобильді қосымшалардың көмегімен төлейді. Сонда транзакцияның тек 1%-ы паркоматтарға тиесілі болады, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті.
Заманауи төлем әдістерін қолданудың күннен күнге артуымен паркоматтар автокөлік иелері арасында танымалдылығын жоғалтты. Осыған байланысты көше паркоматтарын демонтаждау туралы шешім қабылданды. Мердігер жыл соңына дейін жұмысты аяқтауға уәде береді және барлық шығындарды өз мойнына алады. Сондай-ақ, компания тұрақ ақысын төлеудің балама тәсілдеріне astanapark.kz сайтындағы жеке кабинет, терминалдар және «Касса24» сайты жататынын еске салады.
Ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен азаматтардың жеңілдетілген санаттары үшін автотұрақ тегін. 2023 жылдың 1 қазанынан бастап демалыс және мереке күндері автотұрақтар ақылы болады, бұл көшелердің өткізу қабілетін тұрақты түрде арттырады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта ақылы автотұрақ шекарасындағы жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін тегін тұрақ жасау туралы ұсыныс қарастырылуда. Ақылы автотұрақтар ұйымдастырылған үйлердің тұрғындары оларды енді тегін пайдалана алады, - дейді «Астананың көлік тұрақ кеңістігі» ЖШС компаниясы.
Алғашқы ақылы автотұрақтар елордада 2018 жылдың қаңтарында іске қосылды. Ақылы тұрақ орындары Астананың меншігіне тиесілі. Ақылы тұрақ жобасының негізгі міндеті көше – жол желілерінде көлік қазғалысын азайтуды қамтамасыз ету.
Көлік тұрағына ақы төлеу ережелері, жеңілдіктері, әдістері туралы қосымша ақпарат, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар astanapark.kz сайтында орналастырылған.
![Елордада үш автобустың қозғалыс сызбасы өзгерді](/img/articles/7a703d4bb8b833f59130c204263c9020.jpeg)
![Алаш тасжолының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады](/img/articles/2c576a44a3502661c0531a4505edc2d9.jpeg)
![Елорда күні: Қалалық алаңда театрлар шеруі өтті](/img/articles/ec6a57e10b77c55fa3ee47323b51010e.jpeg)
![Астанада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй кешені аяқталды](/img/articles/f4c621155fe5cc49fc45455c1c399411.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/3e6f8bb70cc5280afd870901f1b63da5.jpeg)
![Елордада қала күніне орай «Мereke street» жобасы өтіп жатыр](/img/articles/5c52dc9da84fe6abb5edd12dcf734df6.jpeg)
![Астанада ардагерлерге арналған кеңсе ашылды](/img/articles/692e656d4cb785d4b69f666ccc8453df.jpg)
![Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Астана күнімен құттықтады](/img/articles/8c2c70a0ac40cf7820188470161e45f5.jpeg)
![Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады](/img/articles/9bb4915de6001b5c860c2fa9fc2aad82.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)